Денсаулық

ЕУРО-2016: Португалия араға он екі жыл салып финалға шықты

ЕУРО-2016: Португалия араға он екі жыл салып финалға шықты

Португалия құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты деп хабарлайды Қазақпарат.

  Еуропа чемпионатының жартылай финалдық кезеңі аясында өткен «Португалия-Уэльс» матчы аяқталды. Кездесуде 2:0 есебімен Португалия құрамасы басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Қос команда да өте сақ ойнап, қорғанысқа аса мән берумен болды. Екінші тайм бастала сала, ойынның 50-інші минутында Роналду бұрыштама допбын баспен бағыттап, қарсылас қақпасында тулатты. Жұрттан бір бас биік секіретін Роналду бұл сәтте өз шеберлігін тамаша түрде көрсете білді. Ал 53-минутта Роналду тағы бір голдың салынуына себепкер болды. Оның асырған добын құлап барып қақпаға бағыттаған Нани ойындағы екінші голдың авторы атанды. Осылайша, португалдар араға 12 жыл салып финалға шықты. Ал өзінің ерекше ойынымен көзге түскен Криштиану Роналду матчтың үздік ойыншысы атанды. Айта кетейік, Уэльс құрамасы өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының жартылай финалына жетіп отыр. Бүгін Астана уақытымен 01:00-де Германия мен Франция құрамалары финалдық ойынға жолдамаға таласатын болады.

Ақпарат көзі: Nur.kz