Жаңалықтар

Еңселі Елорда: кеше және бүгін

Еңселі Елорда: кеше және бүгін

Астана күні – жалпыұлттық сипатқа ие мереке, халықтың асыға күтетін зор қуанышы. Елорданың бүгінгі бағындырған биіктері мен жетістіктері жетерлік. Барша қазақстандықтар үміт артып, үлгі тұтып отырған бас қаламыздың қарышты қадамы мақтан етуге лайықты. Астана – еліміздің асқақ бақыты. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламент отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшуі туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда Астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 2006 жылдан бері 6 шілде Астананың туған күні, яғни Елорда күні ретінде аталып өтеді. Осы мерекеге орай аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейде «Еңселі Елорда: кеше және бүгін» атты көрме ұйымдастырылып, көрермендерге Елордамыз жайлы экскурсия жүргізілді. Онда аз ғана уақытта әлемге танылған Елорданың ғажайып жетістіктері паш етілді.

Мадина Қорғанбекова, аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейдің қор сақтаушысы.

Мойынқұм ауданы.