Жаңалыққа жүйрік «ZhambylNews»
Жаңалыққа жүйрік «ZhambylNews»
облыстың интернет журналистик
Облысымыздың тұңғыш ақпарат агенттігі «ZhambylNews» сайты да құрылғанына аз ғана уақыт болса да, өңірлік интернет журналистикасының брендіне айналып үлгерді.
Бүгінде «ZhambylNews» өңірдегі оқырманы ең көп сайт болып табылады. Сайтты күн сайын 15 мың адамға дейін қарап, ондағы ақпараттармен танысады екен. Ақпарат агенттігі облыстың саяси-әлеуметтік, мәдени жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып хабарлап, сонымен қатар, өзекті мәселелерді қозғауды да ұмытқан емес. – Қазіргі таңда белгілі ақпарат агенттіктері, жаңалық порталдары және еліміздің жетекші басылымдары сайттың өзекті жаңалықтарына жүйелі түрде сілтеме жасауда. Сондай-ақ, біздің хабарламаларды халықаралық ақпарат көздері де пайдалануда. Мысалы, Қазақстанның шетелдік елшіліктері арқылы тарайтын халықаралық «AstanaTimes» газеті облыс басшылығының қытайлықтармен ЖЭС құрылысының келіссөздері баяндалатын жаңалықты ағылшын тілінде «Chinese Company to Build a Wind Power Plantin Zhambyl Region» деп басып шығарды. Испандық www.evwind.es сайты да «ZhambylNews» агенттігіне сілтеме жасай отырып, игі жаңалығымызды бөлісті, – дейді агенттіктің бас редакторы Бауыржан Тұяқбаев. Сондай-ақ, ол агенттіктің түрлі әлеуметтік желі топтарында 1 миллионнан астам жазылушылары бар екенін айтады. Жағымды жаңалықтарды жариялауға асық агенттікте үздіксіз алты адам қызмет етеді. Олар бас редактор, қазақ тіліндегі, орыс тіліндегі тілшілер және бір оператор. Сайт журналистері тәулігіне отыз-қырық ақпаратпен бөліссе, оның төрт-бесеуі міндетті түрде облысымыздың жаңалықтарынан тұрады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарын жүйелеп отыратын агенттік республика көлемінде үздік 25 сайттың қатарында.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
асының брендіне айналды