Бельгиядан ұтылған Венгрия футболшылары жанкүйерлерімен қоштасты
Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аясында Бельгия және Венгрия құрамалары кездесті. Санаулы сәттер бұрын аяқталған ойында бельгиялықтар 4:0 есебімен басым түсті.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Ойын Тулуз қаласындағы “Стадиум де Тулуз” стадионында өтті.
Кездесудің 9-шы минутында Тоби Алдервейрелд есеп ашты. Екінші таймның 76-шы минутында ЭденаАзардан тамаша пас алған Миши Батшуайи есепті еселеді – 2:0.
Сәлден кейін Азар өзі де үшінші голдың авторы атанды. 90-шы минутта Янник Ферейра Карраско жауапсыз 4-ші голды салды.
Бұған дейін плей-офф кезеңіне Португалия, Уэльс, Польша, Франция және Германия құрамалары жолдама алған еді.
Comments are closed.