Шымкент те 7 келіден асатын сәби дүниеге келді
Шымкент те 7 келіден асатын сәби дүниеге келді
Шымкенттік отыз бір жастағы Гүлбақыт Асықбекова салмағы 7 келі 100 грамм тартатын баланы дүниеге әкелді. Ота жасау барысында ақ халаттылар іштегі ұйықтап жатқан ірі салмақты баланы байқап, таңғалған. Сол уақытта перзентха-надағы екі орындық кереуетке жалғыз өзі жайғасқан нәресте, бүгінде сегіз айға толып отыр. Қазірдің өзінде он үш келі салмағы бар бүлдіршін тәй-тәй басып, алғашқы қадамын жасаған. Шымкент перзентхана-сында 7 келі 100 грамм салмақты сәби дүниеге келгенде, «батыр туды» деп, перзентханадағылар түгел таңғалысыпты. Екінші жүктіліктегі отыз бір жастағы Гүлбақытқа алдымен «өзіңіз босанасыз» деген ақ халаттылар баланың ірілігін сезгеннен-ақ ота жасауға бел буған. Ал ішті тілген уақытта ұйықтап жатқан баланы көріп, ондағылар жағаларын ұстаған көрінеді. Жиырма екі жасында алғашқы қызын 4 келі 300 грамм салмақта босанған ол араға жеті жыл салып, жеті келіден асатын ұл туған. Соңғы дәрігерлік тексеруде салмағы он үш келі болған сегіз айлық Айсұлтан мен анасының денсаулығы жақсы дейді мамандар. Мамандар ірі салмақты баланың өмірге келуі сирек кездесетін жағдай деп отыр. Бір жарым мың адамға бір баладан келеді екен. Әлемдік статистикаға үңілсек, ең ірі бала 1955 жылы Италияда туылыпты. Он келіден асатын әрі Гиннестің рекордтар кітабына енген сол кезгі көрсеткішті әзірге жаңартқан ешкім болмаған.