Білім

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Ертең еліміз бойынша бір мезгілде жалпы білім беру жүйелерінің барлығында соңғы қоңырау салтанаттары өтпек. Базбір шәкірттер үшін мектептерде күнбе-күн оқу-білімге шақырар күміс қоңырау соңғы рет талмаусырай сыңғыр қағар, түлектер үлкен өмірге жолдама алып, арманға қанат қағар, тоқсан тарам жолдарға да түсер. Түлектер демекші... биылғы оқу жылында өңірдегі 359 жалпы білім беретін оқу орындары қабырғасынан барлығы 9349 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Оның ішінде 8780-і күндізгі, 525-і кешкі мектепті, 44-і экстерн нысанында бітіреді. Бітірушілердің 6773-інің (яғни 72,4 пайызы) ҰБТ-ға қатысу жөніндегі өтініштері тіркелді. Былтыр бұл көрсеткіш 70,8 пайызды құраған. Қоңырауы соңғы рет сыңғыр қаққанмен, мектеп бітірушілер алдында тұрған жауапты сын – ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына әзірлікті күшейтуге салмақ. Сыңғырла, соңғы қоңырау!