Денсаулық

Жамбыл облысының полициясы Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді

Жамбыл облысының полициясы Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бұған дейін Тараздың 6 шағын ауданында екі адамның атыс барысында жарақат алғаны хабарланған еді. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында орын алған. «19 маусымда сағат 16:30-да «Борышкер» іс-шарасы барысында, полиция қызметкерінің қару асынып жүру бойынша патрульдік жүрісі кезінде Тараз қаласындағы шағын ауданның бірінде белгісіз адам оған қарудан оқ атқан. Күдіктіні ұстау кезінде учаскелік инспектор жараланды», - делінген облыстық ІІД таратқан хабарламада. Күдікті бұған дейін қылмыстық есепте тұрған. Ол діни экстремист емес, деп мәлімдеді өңіірлік полиция. Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шарасы бойынша оқиғаның мән-жайы және оған қатыстылар анықталуда. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, күдікті ауыр халде №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.