Таразда күдіктіні ұстау кезінде екі адам жарақат алды
Таразда күдіктіні ұстау кезінде екі адам жарақат алды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қаладағы 6-шағын ауданда құқық қорғау органдары №18 көпқабатты үйді қоршауға алды, тұрғындар эвакуацияланды. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, күдіктіні ұстау барысында екі адам - участкелік полицей мен аты-жөні анықталмаға 20 жастағы жігіт жарақат алды. Зардап шеккенден қалалық №2 ауруханаға жатқызылды. Жергілікті полиция оқыс оқиға туралы түсініктеме беруден бас тартты.
ақпарат көзі kazinform.kz