Үрімжідегі қайғылы оқиға
Үрімжідегі қайғылы оқиға
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Дмитрий Мезенцев Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде бейсенбі күні орын алған лаңкестікке байланысты мәлімдеме жасады.
ШЫҰ ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде: «Ондаған адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Туысқандарынан айырылған, сондай-ақ, лаңкестіктен зардап шеккен отбасыларға қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз және бұл лаңкестік актіні батыл айыптаймыз», – делінген. Еске сала кетейік, бейсенбі күні таңертең ШҰАӨ әкімшілік орталығы – Үрімжі базарларының бірінде жарылыстар сериясы орын алды, олардың салдарынан 31 адам қаза тауып, 94 адам зардап шекті.