Жүрегіміз ауырмасын
Жүрегіміз ауырмасын
Соңғы жеті жылдан бері жүректің ишемия ауыруына шалдығып, асқынып, бойға күш түсіргенде, одан бетер мазалайтынды шығарды. Әр аурудың бір емі бар дегендей, мен сауығып кетуді бір Құдайдан тілеп, үмітімді үзген емеспін. Содан жуырда облыстық аурухананың кардиология бөліміне қаралып, ота жасаттым. Бөлім меңгерушісі, білікті кардиолог Рауза Жұбандықова ауруымнан құлантаза айықтырып жібермесе де, жағдайым жақсарып, бұрынғыға қарағанда әжептәуір өмір сүруге құлшынысым артты. Аурухананың төсегінде жатқанымда кардиология бөлімі медбикелерінің науқасқа шын жандары ашитын қызметкерлер екеніне көз жеткіздім. Бөлменің тазалығы, адаммен қарым-қатынасы көңілімнен шықты. Жалпы, Рауза Жұбандықованың емін қабылдаған адамдар оны мақтап жүреді. Ал маған ота жасаған дәрігер Берік Керімқұловты көпшілік «алтын қолды дәрігер», «алғыс арқалаған» азамат деп құрметтейді екен. Адамды емдейтін дәрімен бірге дәрігердің сөзі екенін жақсы меңгерген кардиология қыз-келіншектеріне отбасымның атынан кәсіби мерекелеріңіздің қарсаңында алғысымды білдіремін.
Тәңірберген Әбдіқұлов, «Қазфосфат» зауытының ардагері.