Әдебиет

Бағила

Бағила

Әні мен сөзі Тәліпбек Шақбаевтікі. Ерейментау, Алатаумен егіз бе едің, Асқақтап көкке бойлап жұбын жазбай. Арқадан самал ессе сені іздеймін, Айырылған сыңарынан аққу-қаздай. Қайырмасы: Жұпар исің аңқиды-ау, Ерейменнің гүлдері-ай. Сағындым ғой сан қилы, Бірге жүрген күндері-ай. Бағила жаным, Бағила әнім, Бағила жарым, Бағила әнім. Қанжығалы қарт Бөгенбей туын тіккен, Күн шалған биігінде желбірейді. Мен едім Арқаның бір гүлін күткен, Жүрегім сағынышпен елжірейді. Қайырмасы: Алып ұшқан Алатаудың құсы болып, Көңілім, Ерейментау, өзің жақта. Қанатым болса менің ұшып-қонып, Жетер ем небір асу, төзіп отқа. Т. Рысқұлов ауданы.