Денсаулық

Журналистер арасында өтетін VI «Ал­тын қалам» байқауы басталды

Журналистер арасында өтетін VI «Ал­тын қалам» байқауы басталды

Бас редакторлар клубы Еуразиялық Топтың (ERG)  қолдауымен қазақ тілді журналистер арасында өткізілетін дәстүрлі VI «Ал­тын қалам» байқауы жарияланғаны туралы хабарлайды.

Байқауға республикалық және өңірлік басы­лым­­­­дардың, теледидар, радио және интернет басы­лым­дарының журналистері қатыса алады.

Байқаудың мақсаты - қарапайым еңбек адамдарын бүгінгі бейбіт заманның қаһармандары ретінде үлгі етіп, насихаттау. Мансаптық жоғарылауға өз еңбегімен қол жеткізген, іскер де білікті мамандардың тәжірибесін жұрт­қа таныстыру. Жұмысшы мамандықтарын насихаттау.

Байқау қорытындысы мен жеңімпаз­дарды марапаттау рәсімі 2016 жылғы шілдеде металлургтер күнінің қарсаңында өтеді, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Байқауға қатысатын материалдарға қойылатын талаптар:

- Байқауға қатысатын мақалалар мен видео-аудио материалдар өндіріс­тегі еңбек адамдары, Еуразиялық Топ кәсіп­орындарындағы жұмысшы мамандықтар туралы болуы шарт (жанрға шектеу жоқ).

- Мақалалар мен аудио-видео ма­териалдар 2016 жылғы 1 наурыз бен 30 маусым аралығында жариялануы тиіс. Материалдар «Алтын қалам» байқауына» деген белгімен 2016 жылғы 30 маусымға дейін жолданады (мерзімді баспасөз материалдары жарық көрген басылым түпнұсқасымен бірге, басылым атауы, жарық көрген уақыты, автордың өзі туралы мәліметтер толық көрсетілуі керек; электронды БАҚ үшін - аудио-видео материалдар, жарияланым мен автор туралы мәліметтерді қамтитын эфирлік анықтамамен бірге жіберілуі шарт; интернет-басылымдары үшін - материалдың скриншоты, жарияланған мерзімі мен оның интернеттегі дерек көзіне сілтеме қоса жіберілуі керек).

- Үш материалдан аз болмауы керек (түпнұсқалар), аудио-видео материалдар (электронды тасымалдағыш құралда);

- Материалдар 2016 жылғы 30 маусымға дейін қа­былданады;

- Мақала/сюжет көлеміне шектеу қо­йыл­майды;

- Материалдар өңделмейді және қай­тарылмайды;

Байқау материалдарын бағалау шарт­тары:

Конкурстық комиссия материалдарды бағалау барысында төмендегі талап-шарттарға жүгінеді:

- Сараптама (журналистің өз бетінше сараптау қабілеті назарға алынады).

- Жан-жақтылық (қоғамдық мәселе­лерді ұтымды жет­кізе білу, еңбек адамының тәжірибесі мен жетістіктерін, жан-жақты қырынан аша білу).

- Кәсібилік (мәліметтерді оқырманға қызықты әрі нақты етіп жеткізе білу ше­берлігі, қоғамдық мәсе­ле­лерден жан-жақты сауаттылығы).

 Жүлде қоры

Байқаудың жүлде қоры - 2 млн. теңге.

Байқаудың қорытындысына сәйкес комиссия же­ңім­­паздарды төмендегі аталымдар бойынша анық­тайды:

1-орын  «Үздік мақала/сюжет»  (2 жеңімпаз, 1-мер­зімді баспасөз, 1-электронды БАҚ)

Жеңімпаздардың әрқайсысына - 500 000 теңге.

2-орын «Үздік мақала/сюжет» (2 жеңімпаз, 1-мер­зімді баспасөз, 1-электронды БАҚ)

Жеңімпаздардың әрқайсысына - 300 000 теңге.

3-орын  «Үздік мақала/сюжет» (2 жеңімпаз, 1-мер­зімді баспасөз, 1-электронды БАҚ)

Жеңімпаздардың әрқайсысына - 200 000 теңге.

Байқауға қатысуға ниетті БАҚ өкілдері материалдарын «Байқауға» белгісімен мына мекенжайға жіберу керек: Астана қ., Сейфуллин көшесі, 31 үй, 204 каб. («Жетінші арна» ғимараты).

Байқаудың ережелері мен талаптары туралы толымды ақпарат ұйымдастырушылардың www.kgr.kz жәнеwww.erg.kz ресми сайттарында жарияланған.