Алжирде Facebook-ке тәуелділер үшін клиника ашылды
Алжирде Facebook-ке тәуелділер үшін клиника ашылды
Бұған дейін мұндай сауықтыру-емдеу орындары Қытай мен Оңтүстік Кореяда ашылған екен.Африка құрлығындағы Алжир мемлекетінде Facebook-ке тәуелділерді емдеу бағытында жұмыс жасайтын емхана ашылды. Бұл туралы VSE42 ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады, - деп жазадыtoday.kz. Басылымдар оның әлемдегі реттік саны бойынша үшіншы осындай клиника екенін айтып отыр. Бұған дейін мұндай сауықтыру-емдеу орындары Қытай мен Оңтүстік Кореяда ашылған екен. Алжирдегі клиникада есірткі мен алкогольге тәуелділерді емдейтін мамандар жұмыс жасайды. Олап facebook-нашақорларына жәрдем беру үшін арнайы бағдарлама жасап, адамды виртуалды әлемнен алып шығуға күш салады. Бұдан бұрын норвег ғалымдары интернетке тәуелділердің алкоголь мен есірткіге тәуелділер сияқты өте қауіпті екендеріне мәлімдеген болатын.