Денсаулық

Бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысатын барлық үміткерлерге қойылатын жалпы біліктілік талаптары: Е-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы, ғылыми дәрежесінің болуы. Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Е-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

24

Тараз қаласы әкімінің аппараты

(080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №3, 3-қабат, 314, 315-кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7262) 43-46-66, 43-47-23 (тел/факс), taraz-kadr@mail.ru)

бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

1. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалпы секторының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-R-4 (№06-2). Қызметтік міндеттері: ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуын рәсімдеу, кадрлар бойынша бұйрықтар дайындау; қызмет өткерген жылдары бойынша комиссия мәліметтерін, тәртіптік, аттестациялық комиссия мәліметтерін дайындау және қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттауларға бұйрықтар дайындау; жұмыс уақытын есептеу табелін жүргізу және оны есеп бөліміне уақытылы өткізу; қызметкерлердің еңбек және ішкі тәртіп ережелерін орындауын қамтамасыз ету; еңбек тәртібін бұзу есебін жүргізу және сәйкес шаралардың уақтылы қабылдауын қадағалау; еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру; бөлімнің іс жинағын құрастыруға, мұрағаттық құжаттарды қабылдауға жауапты және сұраныстарға жауап беру; қала әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының өткізген кеңестерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша ақпарат дайындау; бөлімнің атқарған жұмыстарының айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерін жинақтау жүргізу; бөлім басшысы және оның орынбасарының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат дайындау; сектор меңгерушісі тапсырған басқадай жұмыстарды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық. Мамандығы – экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек және Бюджеттік кодекстерін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актiлерiн білу. 2. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтерлік есеп және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру секторының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-R-4 (№05-2). Қызметтік міндеттері: Кредиторлық қарыздар және оларды өтеу үшін келіп түскен қаражаттар бойынша апталық ақпарат дайындау; ұйымның бюджеттік бағдарламаларын дайындайды (бюджетке енгізілген өзгерістерге байланысты); Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөліміне бюджеттік бағдарламалардағы спецификалар бойынша өзгерістер мен енгізулерге сұраныс жасайды, үзіліссіз анықтамаларға өзгерістерді енгізеді; әр айдың 1 жұлдызына бағдарламалар, спецификалар және жалпы жұмыспен қамту бөлімі бойынша орындалуы жөнінде есеп тапсыру; келесі жылға бюджет проекттісін дайындайды, нақтыланған бюджетке ұсыныс жасайды және бюджеттің орындалуына талдау жасайды; бюджеттік бағдарламаларының игерілуіне талдау жасайды; анықтама-ақпараттық материал дайындау; жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне жауап дайындау; сектор меңгерушісі тапсырған басқадай жұмыстарды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, ҚР Еңбек және Бюджеттік кодекстерін, «Бухгалтерлік есеп және қаржы жүйесі туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн бiлу. 3. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалпы секторының бас маманы, 1 бірлік, санаты Е-R-4 (№06-4). Қызметтік міндеттері: Бөлімінің локальды жүйесін құру және техникаларды қолдануын қызметкерлерге үйрету, іс-жүзінде көмек көрсету; ARM EUOL бағдарламасын үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, жөндеу шараларын қарастыру; ARM EUOL бағдарламасының жүйесі бойынша тіркеу жұмыстарын жүргізу, есеп беру; жүйелер үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау және жөндеу шараларын қарастыру; Lotos-Notes, «Е-Собес», «Е-Акимат», «ИИС- ЦОН» бағдармаларының жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды жоюға көмек көрсету; атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, оның есебін жүргізіп отыру; жаңа ақпараттық технологияларды Бөлімнің жұмысын жандандыруға енгізу және қолдану; бағдарламаларды өндірістік қолданысқа қолдануға қабылдау; «Еңбек нарығы» бағдарламасын үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау, жөндеу шараларын қарастыру, жұмыссыздар базасын актуализация жасауға көмектесу; сектордың бас маманының жұмыс орнында болмаған кезінде уақытша алмастыру; сектор меңгерушісі тапсырған басқадай жұмыстарды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар. Мамандығы – автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн бiлу. 4. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек көрсету секторының жетекші маманы, 1 бірлік, санаты Е-R-5 (№02-13). Қызметтік міндеттері: «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»; «Тұрғын үй көмегін тағайындау»; «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес жұмыс жүргізу; әлеуметтік төлемдерді (тұрғын үй көмегі, атаулы әлеуметтік көмегі жәрдемақысы) алу үшін тапсыратын құжаттарды қабылдау және тағайындау; «Әлеуметтік көмек», «ИИС-ЦОН», «Е-Собес», «Е-Акимат» және т.б. бағдарламалардың енгізілуін және орындалуын бақылау; әлеуметтік төлемдерді төлеуге ықпал ететін уәкілетті органдармен тығыз байланыста болу және учаскелік комиссия жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру; 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға және атаулы әлеуметтік көмегіне өтініш берген азаматтардың отбасылық тұрмыс жағдайын зерттеу; тұрғын үй көмегі, атаулы әлеуметтік көмегі, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы бойынша жәрдемақыны дұрыс тағайындалғаны және төленгені туралы әр маман материалды жауапты; әлеуметтік төлемдерге өтініш берген азаматтардың құжаттарының дұрыстығын тексеру; қолданылып жүрген іс - құжаттарының бөлімнің мұрағатына өткізілуіне дейінгі және қолданыстан шығып кеткенге дейін дұрыс сақталуына мамандар жауапты; қайырымдылық, демеушілік, ізгілік көмектеріне мұқтаждардың тізімін анықтау, басқармаға ұсыну; жеке азаматтарға және заңды тұлғаларға түсініктеме береді; жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне жауап дайындайды; қажеттілігіне қарай сектор меңгерушілердің басқада тапсырмаларын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн бiлу. 5. Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің жалпы ұйымдастыру жұмыс секторының меңгерушісі, 1 бірлік санаты E-R-3 (№01-21-5). Қызметтік міндеттері: Бюджетпен бекітілген қаржыландыру жобасын орындау және жобалау, бухгалтерлік есептер мен есептіліктерді ұйымдастыру, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесінің есебін жүргізу. Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесіне сәйкес, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу. Құрылыс басқармасына, қаржы бөліміне ай сайын есепті өткізу. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қадағалау және жобалау – іздену мекемелерінің жобалау-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстарын бақылау. Заңды және жеке тұлғалармен хат алысу. Бөлімнің қаржылық және есептік құжаттарының жұмыс жобаларын бақылау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық және заң актілері туралы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, іс жүргізу негізін білу, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық және мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін білу. 6. Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің жалпы ұйымдастыру жұмыс секторының бас маманы, 1 бірлік санаты E-R-4 (№01-21-5-1). Қызметтік міндеттері: Бөлімнің қаржы экономикалық жұмыстарын іске асыру. Қаржы-шаруашылық жұмыстарының есебін жасау және оны уақтысында тапсыру. Бөлімнің қаржыландыру жоспарын жасау және орындау. Бухгалтерлік есеп және бюджеттік құралдарды мақсатқа сай пайдалануды қамтамасыз ету. Бөлімнің қызметшілеріне уақтылы төлем жасау, бөлімнің қызметіне қатысты есепті уақытында жүргізу, статистикалық, салық, және бухгалтерлік қаржы операцияларын жасау. Бөлімнің балансындағы активтерді, материалдарды және тез тозатын заттарды бақылау және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Ақшаларды, материалдық құндылықтарды және есеп айырысуларды түгендеу жүргізуге қатысу. Түгендеудің қорытындысын уақытысында жасау, оларды есепке қосып отыру. Банкке керекті құжаттарды дер кезінде ашу және жоба-іздену жұмыстарын үздіксіз қаржыландыруы. Заңды және жеке тұлғалармен хат алысу. Секторларды материалмен, техникамен қамтамасыз ету және бөлімнің қызметшілерінің еңбекақысы жөніндегі сұрақтарды бақылау. Бөлімнің қаржылық және есептік құжаттарының жұмыс жобаларын бақылау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы – экономика. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» білуі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бюджет жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» және осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру облыстарындағы қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін білу. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Қағида); 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің тізілімінде 2010 жылы 21желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі). Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Тараз қаласы әкімі аппаратына тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясына қарау құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, №3 үй (3-қабат) мекен-жайында орналасқан Тараз қаласы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.