Денсаулық

Өзге елдің оқушылары қанша күн демалады?

Өзге елдің оқушылары қанша күн демалады?

Оқушылардың көптен күткен демалысы – жазғы каникул да басталып кетті. Кейбірі ауылдағы ата-әжесіне, кейбірі өзге қаладағы туысына, енді бірі жазғы лагерлерге жол тартқан болар. 92 күнді демалысқа арнап, арасында отбасымызға көмектесіп, арасында балалықтың шақтың заңдылығымен асыр салып ойнап өткіземіз. Ал өзге елдегі замандастарымыз қанша күн демалады екен?-деп жазады massaget.kz. Еуропада жазғы каникул шілде-тамыз айларының аралығында болады. Демек, 2 айға созылады. Кейін Рождество мерекесі үшін үш апта, Пасха мейрамы үшін екі апта тынығады екен. Испаниялық оқушылар Қасиетті апта, Рождество және басқа да ұлттық мейрамдарда, сонымен қатар, жазғы демалыста демалады. Жалпы алғанда испандық оқушылар көп тынығады екен. Ал Германия мемлекетіндегі оқушылардың демалыс уақыты «ұзақ болғаннан, жиі болған жақсы» деген қағидамен құрастырылған. Мәселен, неміс оқушылары жазғы каникулда бар-жоғы 6 апта ғана демалады. Есесіне, рождестволық және қысқы, сонымен қатар, Пасха сынды мерекелік каникулдар бар. Озық роботехникамен алда келе жатқан Жапония мемлекетінің оқушыларының жазғы демалысы бас-аяғы 40 күнге созылады. Олардың білім беру заңына сәйкес демалыс уақыты 20 шілде мен 31 тамыз аралығы.Ал қысқы демалыс 10 күнге созылады. Көктем мезгілінде де 10 күн демалады. Бізден бір ерекшелігі – оларда күзгі демалыс болмайды екен. Ал Оңтүстік Корея мен Тайваньдағы оқушылардың каникулы – ең қысқа демалыс. Бір жылда 365 күн болса, олар осы күннің 220 күнін білім алумен өткізеді. Ал индонезиялық оқушылар бар-жоғы бір ай демалады. Болливуд елі Үндістанда ең ыстық мерзім – мамыр мен маусым айлары. Мамыр айында бұл елде жауын-шашын жиі жауатындықтан, барлық мектепте демалыс жарияланады. Тек күн суыта бастаған кезде ғана оқу басталады. Күн суыта бастайтын кез – шілде айында. Бұдан ары демалыс желтоқсан, наурыз айларында болады