Тегін дәрілерге өз құқықтарыңызды біле жүріңіздер
Тегін дәрілерге өз құқықтарыңызды біле жүріңіздер
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы осымен 5 жыл қатарынан халыққа және медицина қызметкер-леріне тегін дәрілерді қайдан, қалай және қандай ауруларда алуға болатыны туралы дәйекті ақпарат ұсынып келеді. Біздің мамандарға тек бір күннің ішінде 30-дан аса адам хабарласады. Бұл көрсеткіш орталық қызметіне халық сенімінің артқандығының айқын дәлелі бола алады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тегін дәрілер Тізбесіне сәйкес, диспансерлік есепте тұрған науқастар өзінің аумақтық емханасында тегін дәрілерге қол жеткізе алады. Дәрілік заттарды учаскелік дәрігерлер немесе бейінді мамандар (гематолог, эндокринолог, пульмонолог және т.б.) тағайындайды. Дәрілермен тегін қамтамасыз ету, оларды дұрыс пайдалану, дәрілік заттардың тиімділігі және жанама әсерлері туралы толық ақпаратты, Сіз еліміздің кез-келген аймағынан ДАТО Call қызметінің 8 800 080 88 87 нөміріне хабарласып немесе www.druginfo.kz. сайтына өз сұрағыңызды жолдап, біле аласыз. ДАТО 2009 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастамасымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылғандығын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда ДАТО еліміздің барлық 14 облысында және Астана, Алматы қалаларында жұмыс жасауда. Орталыққа қоңырау шалып, өз сауалдарыңызды ресми сайтымызға жолдаңыздар. Біздің қызметіміз Сіздерге арналады!
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК.