Воронеж тұрғыны қараңғыда қарындасын танымай, ұрып-соғып тонап кеткен
Воронеж тұрғыны қараңғыда қарындасын танымай, ұрып-соғып тонап кеткен
Бұл оқиға кешкі мезгілде Ресейдегі Воронеж қаласының көшесінде орын алған. Алкогольдік мас күйінде болған жергілікті тұрғын қараңғыда қарындасын танымай, оны тонап кеткен.
Ер адам бойжеткенді соққыға жығып, тоғыз мың рубль ақшасын алып, оқиға орнынан қашып кетті. Жәбірленуші полицияға шағымданып келді.
«28 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Қазіргі кезде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп хабарлады полициядан.
«Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.