Airbus 3D-принтерден шығарылған әлемдегі бірінші ұшақты көрсетті (ВИДЕО)
Airbus 3D-принтерден шығарылған әлемдегі бірінші ұшақты көрсетті (ВИДЕО)
Airbus концерні ГФР-дағы Халықаралық авиациялық-ғарыш көрмесінде 3D-принтермен басып шығарылған әлемдегі бірінші ұшақты көрсетті. Ұшақтың ұзындығы 4 метрдей, ал салмағы 21 келідей. Мұндай технологиядағы ұшақ әлемде бірінші рет шығарылып отыр, деп жазады ҚазАқпарат шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. «Thor әуе кемесі өте тамаша ұшады және өте тұрақты», - деп мақтанды бас инженері Гуннар Хаас.
«Біз 3D басып шығарудың көмегімен тек жекелеген бөліктерді ғана емес, бүкіл жүйені жасау процесін жылдамдата аламыз ба, жоқ па, соны білгіміз келеді», - деді AFP-ға ұшақты шығарушы Детлеф Конигорский.