Әлеумет

Қазақ-түрік ғылыми зерт теу орталығы ашылды

Қазақ-түрік ғылыми зерт теу орталығы ашылды

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде бірлескен қазақ-түрік ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Бұл шараға Түркияның Кастомону университетінің оқытушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің директоры Махмутжан Давришев пен облыстық қазақ-түрік оқу орындарының директорлары қатысты. Бұл орталықтың ашылуына Тараз мемлекеттік университетімен қатар, Кастомону университеті де мүдделі болып отыр. Сондықтан, ғылыми-зерттеу орталығының ашылу салтанатына аталған оқу орнының ректоры Сейт Айдын, проректоры Али Рафет, университет декандары Мухсин Халис пен Сайм Атеш, жаратылыстану ғылымдары институтының директоры Өмер Күчук арнайы келді. Қонақтарды жамбылдықтар салтанатты рәсіммен қарсы алып, М.Х.Дулати атындағы тарихи мұражаймен таныстырды. Университеттер арасындағы байланыс 2014 жылдың қаңтар айында орнай бастаған болатын. ТарМУ-дың оқытушылары Эльмира Фаизова мен Әлия Жусанбаева «MEVLANA» бағдарламасы бойынша Кастомону университетінде дәріс оқыды. ТарМУ жастары Кастомонуда білім алса, сәйкесінше 2015 жылы Кастомону студенттері біздің университетте білім алды. Ғылыми орталықтың ашылу салтанатында университет ректоры Махметғали Сарыбеков түрік оқытушыларын М.Х.Дулати төсбелгісімен марапаттап, алғыс білдірді. Шетелдің оқытушылары да ректорға алғыс ретінде өз кәделерін ұсынып, проректор Али Рафет қазақ тілінде түрік елінің сәлемін жеткізді.

Әзиза Әбдірайымова, ТарМУ-дың студенті.