Денсаулық

Астана қалалық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Астана қалалық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Астана қалалық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Жаңа қызметке "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары Қасымхан Сенғазыев келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Ол басшы қызметіне 2016 жылдың 2 маусымында келді.

Бұған дейін ол 2013-2016 жылдардың аралығында Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған. Айта кетейік, Астана қалалық білім басқармасының бұрынғы басшысы Эльмира Суханбердиева 2016 жылдың 20 сәуірінен бері ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

Қасымхан Сенғазыев Алматыда 1981 жылы 21 қарашада дүниеге келген. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "бастауыш әскери және физикалық дайындықтан мұғалім" мамандығы бойынша тәмамдап, 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "менеджмент" мамандығы бойынша бітіреді.

ақпарат көзі tengrinews.kz