- Advertisement -

Биыл автожол құрылысы саласында 8 жоба бойынша жұмыстар жалғасады

85

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Биыл Қазақстанда автожол құрылысы саласында 8 жоба бойынша жұмыстар жалғасады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«2015 жылы жұмыс 8 жоба бойынша жүргізілді. Жол-құрылыс жұмыстарымен 2 мың шақырым жол және 72 мың адам жұмыспен қамтылды. Жалпы 2015 жылғы қорытындысы бойынша 456 км жол салынған және жаңартылған»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, биыл аталған 8 жоба аясындағы құрылыс жұмыстары жалғасуда.

«Жыл қорытындысы бойынша 900 шақырымға жуық  жолдағы жұмыстарды аяқтау жоспарлануда»,-деді Ә. Исекешев.

Белгілі болғандай,  2015 жылы автожол жобасының іске асыру аясында   292 млрд.теңге игерілді, оның ішінде Ұлтық қордан — 178 млрд.теңге бағытталды.

 ақпарат  көзі kazinform

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support