4 күн ішінде 16 түлек ҰБТ-дан жоғары балл алды
4 күн ішінде 16 түлек ҰБТ-дан жоғары балл алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 күн ішінде 16 түлек ҰБТ-дан жоғары балл алды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
2 және 5 маусым күндері өткізілген тестілеуге 72 005 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 51 777, орыс тілінде - 20 228 бітіруші.
Тестілеу төртінші күні 47 ҰБТ ӨП-тің базасында өткізілді.
Тестілеудің төрт күнінде мүмкін болған 125 балды 16 түлек жинады:
- Маткалиева Динара Маратқызы, «Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» (Алматы қ.);
- Меирханова Аружан Ерланқызы, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);
- Оспанова Рамзия Рамазановна, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);
- Мухаметкали Еркежан Досенқызы, «№175 гимназия «Жаңа ғасыр» (Алматы қ.);
- Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, «№169 мектеп-лицей» (Алматы қ.);
- Беркинова Акнур Нурболовна, «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» (Батыс Қазақстан облысы);
- Болат Кәмшат Болатқызы, «№17 Семей жалпы орта білім беру мектебі» (Семей қ.);
- Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, «№72 мектеп-лицей» (Астана қ.);
- Исмаилова Дана Суюндыковна, «Қашыр ауданының Тереңкөл а. Х.Оспанов атындағы №3 ЖОББМ» (Павлодар обл.);
- Маратова Ақерке Маратқызы, «Абай атындағы орта жалпы білім беру мектебі» (Шығыс Қазақстан облысы);
- Усин Адиль Куатович, «Қызылқақ ЖОББМ» (Павлодар обл.);
- Балтабай Ерасыл Айтбекұлы, «Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта мектебі» (Шымкент қ.);
- Әбубәкір Ақмарал Кенжеханқызы, «А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі» (Оңтүстік Қазақстан облысы);
- Кеңесбеков Абылай Еркінұлы, «Мухамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған мектебі» (Шымкент қ.);
- Тортай Аяжан Қайратқызы, «М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» (Оңтүстік Қазақстан облысы);
- Түгелбай Фариза Абайқызы, «№178 лицей» (Алматы қ.).
Тестілеудің төрт күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
- ұялы байланыс телефондарын пайдалану - 19 бітіруші;
- емтихан материалдарын бүлдіру - 1 бітіруші;
- сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатына оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру - 17 бітіруші.
Келесі кестеде ҰБТ-ның тестілеу күндері бойынша қысқаша нәтижелері келтірілген:
№ | Лек күні | Өтініш саны | ҰБТ-ға қатысты | Конкурс пәндері бойынша 50 баллдан төмен алғандар | Бес пән бойынша 100-ден жоғары | Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар | ||||||||
барлығы | қаз | орыс | барлығы | қаз | орыс | барлығы | қаз | орыс | барлығы | қаз | орыс | |||
1 | 02.06 | 18599 | 13349 | 5250 | 17934 | 13026 | 4908 | 2274 | 1615 | 659 | 3834 | 2811 | 1023 | 480 |
2 | 03.06 | 19802 | 14189 | 5613 | 19224 | 13970 | 5254 | 3302 | 2343 | 959 | 3246 | 2275 | 971 | 709 |
3 | 04.06 | 22021 | 15533 | 6488 | 21185 | 15190 | 5995 | 3945 | 2776 | 1169 | 4273 | 3106 | 1167 | 857 |
4 | 05.06 | 14214 | 9811 | 4403 | 13662 | 9591 | 4071 | 2494 | 1727 | 767 | 2865 | 2059 | 806 | 568 |
барлығы | 74636 | 52882 | 21754 | 72005 | 51777 | 20228 | 12015 | 8461 | 3554 | 14218 | 10251 | 3967 | 2614 | |
% | 100 | 70,853 | 29,147 | 96,475 | 71,908 | 28,092 | 16,686 | 70,42 | 29,58 | 19,746 | 72,099 | 27,901 |
|
Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.
Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.
2016 жылы 5 маусымда Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына жалпы 105 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 28 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,55 %-ын құрайды.
Қорытынды: тестілеудің үш күнінде (3, 4, 5 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 384 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 88 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің үш күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,2 %-ын құрайды.
Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.
Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:
- әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;
- техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.