Денсаулық

Жапондар салмағы 200 грамдық дрон шығарды

Жапондар салмағы 200 грамдық дрон шығарды

Жапон технологтары салмағы 200 грамм болатын аса жеңіл дрондар жасап шығарды. Аппараттар Кюсю аралында сынақтан өткізілді. Аса жеңіл көмірсутек талшығынан жасалған «Мульткоптердің» төрт пропеллері (қанаты) бар. Ал ішіне батареяны салған кездегі салмағы 200 грамға жуықтайды. Бұл ұшқыш-роботтың GPS, компас құрылғылары бар. Фотокамерасы 8 мегапиксельді болып келетін дрон 20-30 метрге дейінгі биіктікке ұшады, деп хабарлайды Nikkei.

ақпарат көзі 24.kz