Денсаулық

Неміс ғалымдары ракқа қарсы вакцина ойлап тапты

Неміс ғалымдары ракқа қарсы вакцина ойлап тапты

Германиядағы Майнц университетінің ғалымдары қатерлі ісіктің бірнеше түріне арналған әмбебап вакцина ойлап тапты деп хабарлайды Skifnews.kz басылымы, - деп жазады nur.kz. Препараттың басты ерекшелігі - оның құрамындағы РНҚ нанобөлшектері. Олар иммунды жасушаларға барып, ағзаның қорғаныс жүйесін іске қосады, тиісінше қатерлі ісіктің өсуін тоқтатады. Бұл ғылыми жаңалық күні кеше Nature журналында жарияланды. Ғалымдар ойлап тапқан липоплекс-нанобөлшектері РНҚ молекулаларынан тұрады. РНҚ құрамында антиген және липидті қабықша туралы ақпарат кодтары бар. Олар ағзаны бұзылудан сақтайды. Ал, липоплекстердің бетінде теріс заряд болғандықтан, олар дендридті жасушалардың ішіне еркін ене алады. Дендридті жасушалар - ағзаға түскен бөтен денелердің көзін жоятын иммунитет. Ракпен ауыратын тышқандарға тәжірибе жүргізген ғалымдар осынау жасушаға липоплекс-нанобөлшектерін жіберу арқылы аурудың бетін қайтарған. Сонымен қатар, обырдың жеңіл түріне шалдыққан адамдарға да тәжірибе жүргізілді. Нәтижесінде, ісік клеткаларының дамуы тоқтаған.

ақпарат көзі zhambylnews.kz