Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің соңғы суреттері (фото)
Аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің соңғы суреттері (фото)
Британдық фотограф Зенон Тесейра биылғы жылдың наурыз айында түсірілген Мұхамед Әлидің суреттерімен бөлісті.
«Ұлы боксшы жұдырығын соңғы рет көтерді», – делінген қолтаңбада.
Мұхамед Әли 3 маусым күні Аризон штанының Феникстегі ауруханада 74 жасында өмірден озды. Ол ауруханаға тыныс алуы нашарлап түскен.
Әлидің соңғы 30 жыл бойы Паркинсон дертімен ауырғаны белгілі. Отбасы мүшелерінің айтуынша, Мұхамед Әли әйелімен, бала-шағасымен қоштасып үлгерген екен.
Оның хатшысының мәлімдеуінше, атақты боксшы белгісіз сбептермен септикалық шок алу нәтижесінде қайтыс болған.
Әли – ауыр салмақтағы үш дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз боскшы.
Америкалық атақты боксшыны жерлеу рәсімі жұма күні, оның туған қаласы Кентукки штатындағы Луисвиллда өтеді.
Боксшының туыстары хабарландыру таратып: онда «Жер бетіндегі кез келген адамның боксшымен қоштасуға қатыса алатыны» жазылған.
Жерлеуге АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон мен атақты голливуд актеры Билли Кристал келмек ниетте.
Жерлеуден бір күн бұрын, бейсенбі күні тек боксшының отбасы мен жақындары қатысатын қаралы жиын өтеді.