Мұхаммед Әли жұма күні өзінің туған қаласында жерленеді
Мұхаммед Әли жұма күні өзінің туған қаласында жерленеді
Атақты кәсіпқой бокс королі Мұхаммед Әлиді жерлеу рәсімі алдағы жұма күні туған қаласы Кентукки штатының Луисвилль қаласында өтеді. Бұл туралы Би-би-си агенттігі хабарлады.
Жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон қатысады. Ол қаралы жиында соңғы сөзді айтатын болады.