Тоқаев: Қасиетті Оразаның алдында болған атыс - шектен шыққан арсыздық
Тоқаев: Қасиетті Оразаның алдында болған атыс - шектен шыққан арсыздық
Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ақтөбеде болған атыс туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Twitter парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ. "Ораза айы басталар тұста болған бұл оқиға шектен шыққан арсыздық мен бандиттердің қатыгездігінің белгісі. Оларды қатаң жазалаудың жолдары қарастырылуда", - деп жазды Тоқаев. Еске сала кетейік, кеше Ақтөбе орталығында қаруланған топ әскери бөлім менқару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасап, алты адам қаза тапты. Оның екеуі - құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Осыдан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды өте сақ болуға шақырып, антитеррорлық операциялардың жалғасып жатқанын жеткізді. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ақтөбеде болған оқиғаға радикалды діни бағыттағы топтардың қатысы бар екенін растады. Бүгінде Ақтөбе қаласы мен облысы аумағында интернет желілері өшіріліп, барлық дүкендер жабылды деп хабарлады аймақтағы NUR.KZ тілшісі. Қалада көлік азайып, әскерилер мен тікұшақтар көбейген.