Денсаулық

Жылдың соңына дейін 6 колония жабылады - ҚР ІІМ

Жылдың соңына дейін 6 колония жабылады - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы Бауыржан Маратұлы Бердалин «қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

Жазаларды орындау органдары соттың үкімімен тұтқындалғандардың тек бостандығынан ғана айырылғанын түсінеді, алайда қазіргі жағдайда олардың мәдени және білім беру қызметіне араласуы, қорғалу құқығы күн өткен сайын маңызды болып келеді.

Сондықтан бүгінгі уақыт қылмыстық-атқару жүйесін әрі қарай жетілдіруге бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шараларды жүргізумен сипатталады. Бұл коммуналды-тұрмыстық, медицина, білім беру, жұмыспен қамту және т.б. Тағы бір ерекшелік, ҚАЖ комитетінің бір жылдан аса уақыттан бері жазаларды орындау саласының дамуындағы нақты парадигмаларын белгілейтін жаңа қылмыстық, қылмыстық-атқару және қылмыстық-процестік заңнамалардың аясында жұмыс істеуі.

Барлық түзеу мекемелерінде сотталғандардың мінез-құлық дәрежелерін анықтайтын көпсатылы жүйе енгізілді. Жаңа заңдардың қолданылуы, сот практикасы, заңнамаларды ізгілендіру және ең бастысы сотталғандардың заңға мойын ұсынуы - олардың бірден азаюына алып келді.

Ағымдағы жылы колониялардан 5 мыңнан аса (5002) адам босап шықты, оның ішінде 15%-ы  шартты түрде мерзімінен бұрын босағандар және жазасының өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылғандар  бір жарым есеге көбейді. Соның нәтижесінде 2002 жылы 3-орында болған Қазақстан бүгінгі таңда түрмедегі адамдар санынан әлемдік рейтингте 61-орында тұр.

Түрмедегі адамдар санының азаюына байланысты ІІМ коммуналды-тұрмыстық жағдайы ең нашар деген колонияларды жабу туралы шешім қабылдады. Соңғы 1,5 жыл ішіне елімізде 3 колония оңтайландырылды (АП-162/5, ЕС-164/8). Ал жылдың соңына дейін тағы да 6 мекемені қысқарту жоспарлануда. Бұл өз кезегінде материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуді жақсартып, 2015 жылы тиісінше бiр сотталған ер адамға шаққандағы тұрғын алаң нормасын 2,5-нан 3,5 шаршы метрге дейін, ал әйелдер үшін 4-ке дейін, емханалар мен балалар колониясындағы тұрғын алаңын  5-тен 6,5 шаршы метрге дейін кеңейтуге алып келді. Бұл нормалар Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері қарастырылмай, тек бүгінгі уақытта ғана мүмкін болып отырғанын атап айту қажет.

 Сол үшін бұл мәселе біз үшін өте маңызды болып табылады, себебі Қазақстан қашаннан бері лагерлер елі болып есептелді Және өздеріңізге белгілі, 31 мамыр республикамызда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу  күні болып жарияланды. Қазақстанның аумағында ең ірі деген Карлаг, Степлаг, АЛЖИР, сондай-ақ ГУЛАГ-тың өзге құрылымдары болды. Ресми статистикаға сүйенсек6 қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға 5,5 млн.адам жер аударған.

 Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың нәтижесінде түзеу мекемелерінде қылмыс 50%-ға азайды ( 79-дан 39-ға), қасақана заң бұзушылықтар 48% (933-тен 478-ге), дене мүшесін зақымдау 32% (73- тен 50-ке), өлім-жітім 30%-ға (81-ден 56-ға), оның ішінде туберкулезден  63%-ға (16-дан 6-ға), ал туберкулезбен ауыру 20%-ға (109-дан 87-ге) азайды.

Сонымен қатар колонияларда 104 оқу орын жұмыс жасайды, оның ішінде  5 орта мектеп, 34 кешкі мектеп, 12 оқу-консультативтік пунктілер, 6 филиал және 47 лицей бар. Соңғы оқу жылында 1200-ден аса сотталған орта білім туралы аттестат алды, және де 3,5 мыңға жуық адам түрлі мамандықтар бойынша кәсіби мамандықтарға оқуда, осының бәрі сотталғандардың қайта әлеуметтену процесіне бірден-бір ықпал ететін шаралар.

 Бәріне белгілі, сотталғандар ұзақ мерзім бойы бас бостандығынан айыру орындарында болған уақытында әлеуметтік және туыстық қатынастар алшақтай бастайды. Осыған жол бермеу мақсатында біз түрлі іс-шараларды ұйымдастырамыз. Мәселен, осы жылы сотталғандардың бір жарым мың туысы қатысқан 40-тай ашық есік күндері болды.

Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың нәтижесінде түзеу мекемелерінде қылмыс 50%-ға қысқартылды ( 79-дан 39-ға), қасақана заң бұзушылықтар 48% (933-тен 478-ге), дене мүшесін зақымдау 32% (73- тен 50-ке), өлім-жітім 30%-ға (81-ден 56-ға), оның ішінде туберкулезден  63%-ға (16-дан 6-ға), ал туберкулезбен ауыру 20%-ға (109-дан 87-ге) азайды.

Сондай-ақ бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1500 орынға арналған заманауи колония құрылысына қажетті құжаттар әзірленуде, мұнымен қоса МЖС аясындағы жаңа түзеу мекемелерінің құрылысы үшін Астана, Петропавл, Қызылорда, Қарағанды, Орал қалаларында жер телімі бөлінді.

 Сонымен қатар қазіргі уақытта біздің алдымызда қылмыстық-атқару жүйесінде қажеттілігі 5 мыңға жуық бірлікті құрайтын электронды бақылау құралдарын енгізу міндеті тұр, Қолданыстағы заңнамаға сәйкес электронды мониторинг бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандарға қатысты болады.

Бұлармен қатар Қазақстанда пробация институты қарқынды дамып келеді және өзінің оң нәтижелерін беруде.

Талдау көрсеткендей, жыл сайын пробация бақылауының есебінде тұру саны артып келеді. Осы жылдың басынан олардың құрамы бері өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға артып, 36 мыңнан аты. Алайда бұған қарамастан қайта қылмыс жасағандар саны 11 %-ға, іздеуде жүргендер саны 16%-ға кеміді.

Осы жетістіктермен тоқтап қалмай, біз қызметті жетілдіру бойынша және Ұлт Жоспарынң 33-қадамын іске асыру аясындағы пробация қызметінің жаңа үлгісін қалптастыруда әрі қарайғы жұмыстарды жалғастырмақпыз.

 Қылмыстық-атқару жүйесін реформалау мен жаңғырту бойынша әрі қарайғы жұмыстардың халықаралық стандарттарға жақындататынына сенімдімін. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ете отырып, біз қоғамның, мемлекеттің заңға мойын ұсынатын азаматтары мүддесінің барынша қорғалуына ықпал етеміз.

 ақпарат көзі kazinform