Балаларды қорғау күнінде 33 сәби дүниеге келді
Балаларды қорғау күнінде 33 сәби дүниеге келді
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні түрлі мәдени іс-шаралармен көңілді, қызықты өтті. Соған қарамастан әр күннен жағымды жаңалық іздейтін қауымды қуанту үшін тілшіге тығыз тапсырма берілді. Ол облысымызда осы күні қанша сәби дүние есігін ашқаны туралы ақпаратты оқырманға жеткізу болатын.
Тараз қаласындағы перзентхана бас дәрігерлеріне Шұғыл хабарласып мән-жайды түсіндірдік. Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айгүл Айтбаева 18 сәби дүниеге келгенін, оның 7-еуі ұл, 11-і қыз екенін айтты. Ал қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қаракөз Әмірова 15 сәби туылғанын, оның 8-і ұл, 7-еуі қыз екенін қуанышпен жеткізді. Ал тәуелсіздік алғалы бері елімізде қанша сәби дүние есігін ашты?
Қанат Тілепберген, «Ақ жол».