Қызылша өсіру қиын ба?
Қызылша өсіру қиын ба?
Облыстың, оның ішінде Байзақ ауданының географиялық орны, климаттық жағдайы, жері, топырағы су ресурстары, жайылымы – негізінен ауыл шаруашылығын, оның ішінде егіншілік пен мал шаруашылығы салаларын дамытуға қолайлы аймақ. Егіншілік саласында, техникалық дақылдар, әсіресе қант қызылшасын өсіруге қолайлы өлке. Осы ерекшеліктерді ұтымды пайдалану мақсатында Кеңес үкіметі 40-жылдары облыс шаруашылықтарына қант қызылшасы дақылын өсіруді міндеттеді. Бұл дақыл – көп еңбекпен, ерекше күтімді керек ететін, көктемнің құбылмалы күндерінен аман алып қалуды қажет ететін нәзік «кірпияз» өсімдік. Қызылша дақылы егілетін алқаптар күз кезінде сүдігер жыртудан басталады. Алқап қыс бойы бар ылғалды бойына сақтап, қосымша ылғал жинайды. Көктем құрғақ болса, қыс бойы жинаған ылғал құрғақшылықты сездірмейді. Себу жұмыстары ерте көктемде басталады. Тәжірибе көрсеткендей, мерзімінен кеш себілген дақыл әр гектардан 30-40 центнерден өнім жоғалтады. Кезінде жер жырту, себу жұмыстарынан басқа, суғару, жүйек аралығын қопсыту, арамшөптерден тазарту, зиянкестермен күресу, органикалық тыңайтқыштар беру және жиын-терін жұмыстары тек қол күшімен атқарылатын. Қызылша – техникалық дақыл, оны өсіру техника күшін көп қажет етеді. Елуінші жылдардың екінші жартысында МТС-тер таратылып, ондағы бар техника шаруашылықтарға үлестіріліп берілді. Ауданымызда қажырлы еңбектің, ерекше күтімнің арқасында қызылша өсіретін шаруашылықтар әр гектардан 300-400 центнерден, жекелеген звенолар рекордты өнім алып, мемлекет наградаларына ие болғандар аз болған жоқ. Өткен ғасырдың 40-жылдардың аяғы, 50-жылдардың басында сол кездегі «Қызылжұлдыз» колхозының қызылшашылары басқарма төрағасы Мұхаметқали Нұрбаевтың шебер ұйымдастыруының арқасында әр гектардан 521-610 центнерден, жекелеген қызылшашылар 1046 центнерден тәтті түбір жинаған. Жоғары рекордтық көрсеткіштерге жеткені үшін «қызылжұлдыздықтардан» 9 адам жоғарғы наградаға ие болып, Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Ауданымыздың сол кездегі іргелі шаруашылығының бірегейі – «Трудовой пахарь» колхозы 60-жылы қызылшаның егіс көлемін 1350 гектардан 1800 гектарға дейін ұлғайтып, әр гектардан орта есеппен 430 центнерден тәтті түбір жинап, шаруашылық экономикасын нығайтқаны үшін колхоз төрағасы А.Нахманович Социалистік Еңбек Ері атанып, Республика Жоғарғы кеңесіне депутат болып, бірнеше рет сайланды, СОКП-ның ХХV съезіне делегат болды. 70-жылдары Октябрьдің 40 жылдығы атындағы ұжымшардың қызылша өсірушілер звеносының жетекшісі Нұрмаш Түйтебаева қызылшадан бес жыл қатарынан, әр гектардан 500 центнерден өнім жинап, ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Еңбегі бағаланып, 1971 жылғы 8 сәуірде Н.Түйтебаеваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1974 жылы сайлаушылар үлкен сенім көрсетіп, Н.Түйтебаеваны КСРО Жоғарғы кеңесіне депутат етіп сайлаған. Айта берсек, мұндай жағымды жайлар облыстың қызылша өсірген басқа аудандарында да көптеп табылады. Рекордтық өнім берген шаруашылықтар, аудандар жоғары наградаларға ие болып жатты. 50-жылдардың екінші жартысынан 90- жылдарға дейін дақылдың егіс көлемі, оның өнімі еселеп арта түскен. Облыс бойынша егіс көлемі 41 мың гектарға жетіп, өнім өткеру 1 миллион тоннадан асты. Кейбір жылдары облыс тәтті түбір өндіру көлемін 1,2 миллион тоннаға жеткізуге міндеттеме алып, оны абыроймен орындап шыққан кездері де болған. Облыс көлемінде өндірілген тәтті түбірдің 15-17 пайызы, біздің сол кездегі Свердлов ауданы қызылшашыларының үлесінде болған. Аудан көлемінде егіс алқабы 5,5-6,0 мың гектарға жуықтап, жыл сайын мемлекетке 180-200 мың тонна тәтті түбір тапсырып, әр гектардан орта есеппен 350-400 центнерден өнім алған. Тәтті түбір өсіруде аудан, республика бойынша үздіктер қатарынан көрініп, бірнеше рет республикалық ауыспалы Қызыл Туға ие болды. Облыста қызылша өсіруші 6 ауданның шаруашылықтары, Жамбыл, Меркі және Шу қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етіп отырған. Қызылшадан қанттан басқа, сірке, жом секілді өнімдерді мал азығына, спирт өнімдерін шығаруға пайдаланылған. Бұл өнімдер қосымша пайда табудың, қаражат көздері екенін ескерген жөн. Осылайша қызылша өсірудің тәсілі меңгеріліп, жақсы дәстүрі қалыптасқан еді. Одақ тарап, тоқсаныншы тоқырау жылдары қант қызылшасы дақылын өсіру тоқтап қалды десе де болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайларын басты міндеттің бірі ретінде атап келеді. Елбасымыз айтқандай, егістік алқабын ұлғайтуда, бізде мұндай мүмкіндік бар. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен көтеру қажет деп атап өтті. Елбасының тапсырмасын жүзеге асырып, қант қызылшасы өнімін молайту үшін бізде толық мүмкіндік бар, тек өмірлік тәжірибе көрсеткендей, мына талаптарды орындау шарт деп ойлаймын. Біріншіден, Қазақстандағы агроөндірістің ықпалдасуын дамытуға құқықтық жағдай туғызуды қамтамасыз ететін, жақында ғана Парламент Мәжілісінде мақұлданған «Ауыл кооперациясы туралы» жаңа Заң аясында ауылдағы ұсақталып кеткен шаруа қожалықтар бірігіп, іріленген ұжым болуы керек. Қазір олардың қолында жерден басқа не қаражат, не техника жоқ. Кооперацияға бірігіп, іріленген шаруашылыққа инвестиция тартып, олардың техникамен жабдықталуына көмек көрсету керек. Оларға жеңілдетілген несиелер, субсидиялар есебінен жан-жақты қолдау көрсеткен дұрыс. Көрсетілген жеңілдіктер, бөлінген қаражат есебінен сапалы тұқым, минералды тыңайтқыштар тағы басқа қажеттіліктерін алатын болады. Екіншіден, қант қызылшасы орналастырылатын алқаптарда күз айларында сүдігер жыртылуы, күз, қыс мезгілдерінде бойына ылғал жинап, сақтауға мүмкіндік береді. Дақылдың жері ерте көктемде өңделіп, 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында тұқым себіледі, одан ары күзге дейін агротехникалық талаптарға сай күтіледі. Үшіншіден, Дақылды орналастыруда міндетті түрде ауыспалы егіс талабы қатаң сақталуы тиіс. Топырақ эрозияға ұшырамау үшін суды пайдаланудың қазіргі заманауи тәсілдері тамшылатып суаруды қолдану қажет. Мұндай тәсілдің артықшылығы алқапты арамшөп баспайды, су үнемді әрі сіңімді болады. Ғылым мен тәжірибе көрсеткендей, тамшылатып суару әдісімен әр гектарға 250-300 текше метр су жұмсалады. Арық арқылы суғарылса 800 текше метр су керек. Бір гектар жерді суғаруға ескі әдіспен бір күн уақыт кетсе, жаңа технологиямен бұл жұмысты жарты күнде еңсеруге болады әрі шөбін шауып, түбін қопсытып әуре болмайсың. Төртіншіден, барлық мәселені білгір кадрлар шешеді, бұл аксиома дәлелдеуді қажет етпейді. Жасыратыны жоқ, дақылды күтіп-баптау технологиясын жіті білетін тәжірибелі, кәсіби агроном кадрлар соңғы кезде азайып кетті. Кеңес Үкіметі кезінде даярланған агроном кадрлар негізінен зейнетке шығып кетсе, бірен-сараны өз шаруашылықтарымен айналысуда. Ауыл шаруашылығы саласындағы басты кейіпкер, шешуші күш – механизатор кадрлардың жайы да осындай. Қазіргі жастар трактор рөлінен гөрі жеңіл автокөлікке еліктеп кеткен. Тоқсаныншы жылдары бұл кадрларды дайындау жайлары да біраз тоқырап қалғаны жасырын емес. Осы өзекті мәселені көрегендікпен болжаған Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 30 қараша күнгі «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауында үкілі үмітіміз жастарға: «...Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дайындалыңдар. Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынның жанында тұрдым», – деп, өзінен үлгі алуға шақырды. 2017 жылдан бастап жаппай жұмысшы, техникалық мамандық алуды тегін жүргізу, Елбасының әкелік қамқорлығы деп түсінуіміз қажет. Жастар тарапынан бұл қолдау табатынына кәміл сенуге болады. Аталған кадрларды даярлау жұмыстарын нақты қолға алып, оларды өндіріске тартып, ынталандыру шараларын жүзеге асыру жолымен, біз азық-түлік қауіпсіздігін жасауға сүбелі үлес қоса аламыз. Бесіншіден, ағын су мәселесі күрделі екені баршаға мәлім. Қант қызылшасы – суды көп қажет ететін дақыл. Дақылдың вегетациялық өсу кезінде, әсіресе, жаз айларында ағын су тапшылығы қатты сезіледі. Оның үстіне Талас өзенінің су қоры 1616 миллион текше метр, оның 50 пайызы ғана біздің облысқа тиеді. Ал кейбір жылдары ауа райына байланысты су тапшы болатыны белгілі. Осыған орай, дақылды суаруға озық технология – тамшылатып суаруды енгізу керек. Бүгінгі таңда шаруашылықтардағы суармалы егіс алқаптарының ирригациялық жүйелері жабылып қалған. Оның салдарынан көптеген құнарлы суармалы алқаптар игерілмей бос жатыр. Бұл жүйелерді есепке алып, нақты егесіне бекітіп беріп, қаржы бөліп, ирригация жүйелерін қайта іске қосып, бос жатқан жерлерді айналымға қосатын уақыт жеткен сияқты. Қант қызылшасын өсіруде, озық технологияны өндіріске енгізуге ауданымыздағы М.Фазулов жетекшілік ететін «Талап» шаруа қожалығының тәжірибесі көпке үлгі. Алтыншыдан, қызылша дақылын өсіру, оның өнімін өндіруге тек шаруашылықтарды мүдделі етіп, солардың ғана жауапкершілігіне жүктеп қою дұрыс емес. Мен қызылша өсірген шаруашылықтарда бас маман, басшы қызметте болған адаммын. Ол кезде дақылды өсіруге шаруашылықтар мен қант зауыттары екі жақты мүдделі, ынталы болатын. Өнімді қабылдау, есеп айырысу, төлем жайлары тағы басқа алдын ала екі жақты жауапкершілікті келісімшарт жасалатын. Бұл құжат екі жақтың да мүддесіне сай келетін. Соңғы кездері бұл жайлар оңды реттелгенін айта кеткен жөн. Дегенмен, өндірілген өнім лайықты бағаланып, есеп айырысу жайлары шаруа қожалықтарының ынтасын тудыратындай деңгейге жеткізу керек деп ойлаймын. Сонда ғана азық-түлік қауіпсіздігін жасауға шаруалар өздерінің қомақты үлесін қосатын болады. Аға ұрпақтың салып берген игі дәстүрі лайықты жалғасын табады.
Әділхан САДУАҚАСОВ, еңбек ардагері.
Үлгілі ауылы, Байзақ ауданы.
Облыстың, оның ішінде Байзақ ауданының географиялық орны, климаттық жағдайы, жері, топырағы су ресурстары, жайылымы – негізінен ауыл шаруашылығын, оның ішінде егіншілік пен мал шаруашылығы салаларын дамытуға қолайлы аймақ. Егіншілік саласында, техникалық дақылдар, әсіресе қант қызылшасын өсіруге қолайлы өлке. Осы ерекшеліктерді ұтымды пайдалану мақсатында Кеңес үкіметі 40-жылдары облыс шаруашылықтарына қант қызылшасы дақылын өсіруді міндеттеді. Бұл дақыл – көп еңбекпен, ерекше күтімді керек ететін, көктемнің құбылмалы күндерінен аман алып қалуды қажет ететін нәзік «кірпияз» өсімдік. Қызылша дақылы егілетін алқаптар күз кезінде сүдігер жыртудан басталады. Алқап қыс бойы бар ылғалды бойына сақтап, қосымша ылғал жинайды. Көктем құрғақ болса, қыс бойы жинаған ылғал құрғақшылықты сездірмейді. Себу жұмыстары ерте көктемде басталады. Тәжірибе көрсеткендей, мерзімінен кеш себілген дақыл әр гектардан 30-40 центнерден өнім жоғалтады. Кезінде жер жырту, себу жұмыстарынан басқа, суғару, жүйек аралығын қопсыту, арамшөптерден тазарту, зиянкестермен күресу, органикалық тыңайтқыштар беру және жиын-терін жұмыстары тек қол күшімен атқарылатын. Қызылша – техникалық дақыл, оны өсіру техника күшін көп қажет етеді. Елуінші жылдардың екінші жартысында МТС-тер таратылып, ондағы бар техника шаруашылықтарға үлестіріліп берілді. Ауданымызда қажырлы еңбектің, ерекше күтімнің арқасында қызылша өсіретін шаруашылықтар әр гектардан 300-400 центнерден, жекелеген звенолар рекордты өнім алып, мемлекет наградаларына ие болғандар аз болған жоқ. Өткен ғасырдың 40-жылдардың аяғы, 50-жылдардың басында сол кездегі «Қызылжұлдыз» колхозының қызылшашылары басқарма төрағасы Мұхаметқали Нұрбаевтың шебер ұйымдастыруының арқасында әр гектардан 521-610 центнерден, жекелеген қызылшашылар 1046 центнерден тәтті түбір жинаған. Жоғары рекордтық көрсеткіштерге жеткені үшін «қызылжұлдыздықтардан» 9 адам жоғарғы наградаға ие болып, Социалистік Еңбек Ері атағын алған.Ауданымыздың сол кездегі іргелі шаруашылығының бірегейі – «Трудовой пахарь» колхозы 60-жылы қызылшаның егіс көлемін 1350 гектардан 1800 гектарға дейін ұлғайтып, әр гектардан орта есеппен 430 центнерден тәтті түбір жинап, шаруашылық экономикасын нығайтқаны үшін колхоз төрағасы А.Нахманович Социалистік Еңбек Ері атанып, Республика Жоғарғы кеңесіне депутат болып, бірнеше рет сайланды, СОКП-ның ХХV съезіне делегат болды. 70-жылдары Октябрьдің 40 жылдығы атындағы ұжымшардың қызылша өсірушілер звеносының жетекшісі Нұрмаш Түйтебаева қызылшадан бес жыл қатарынан, әр гектардан 500 центнерден өнім жинап, ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Еңбегі бағаланып, 1971 жылғы 8 сәуірде Н.Түйтебаеваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1974 жылы сайлаушылар үлкен сенім көрсетіп, Н.Түйтебаеваны КСРО Жоғарғы кеңесіне депутат етіп сайлаған. Айта берсек, мұндай жағымды жайлар облыстың қызылша өсірген басқа аудандарында да көптеп табылады. Рекордтық өнім берген шаруашылықтар, аудандар жоғары наградаларға ие болып жатты. 50-жылдардың екінші жартысынан 90- жылдарға дейін дақылдың егіс көлемі, оның өнімі еселеп арта түскен. Облыс бойынша егіс көлемі 41 мың гектарға жетіп, өнім өткеру 1 миллион тоннадан асты. Кейбір жылдары облыс тәтті түбір өндіру көлемін 1,2 миллион тоннаға жеткізуге міндеттеме алып, оны абыроймен орындап шыққан кездері де болған. Облыс көлемінде өндірілген тәтті түбірдің 15-17 пайызы, біздің сол кездегі Свердлов ауданы қызылшашыларының үлесінде болған. Аудан көлемінде егіс алқабы 5,5-6,0 мың гектарға жуықтап, жыл сайын мемлекетке 180-200 мың тонна тәтті түбір тапсырып, әр гектардан орта есеппен 350-400 центнерден өнім алған. Тәтті түбір өсіруде аудан, республика бойынша үздіктер қатарынан көрініп, бірнеше рет республикалық ауыспалы Қызыл Туға ие болды. Облыста қызылша өсіруші 6 ауданның шаруашылықтары, Жамбыл, Меркі және Шу қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етіп отырған. Қызылшадан қанттан басқа, сірке, жом секілді өнімдерді мал азығына, спирт өнімдерін шығаруға пайдаланылған. Бұл өнімдер қосымша пайда табудың, қаражат көздері екенін ескерген жөн. Осылайша қызылша өсірудің тәсілі меңгеріліп, жақсы дәстүрі қалыптасқан еді. Одақ тарап, тоқсаныншы тоқырау жылдары қант қызылшасы дақылын өсіру тоқтап қалды десе де болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайларын басты міндеттің бірі ретінде атап келеді. Елбасымыз айтқандай, егістік алқабын ұлғайтуда, бізде мұндай мүмкіндік бар. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен көтеру қажет деп атап өтті. Елбасының тапсырмасын жүзеге асырып, қант қызылшасы өнімін молайту үшін бізде толық мүмкіндік бар, тек өмірлік тәжірибе көрсеткендей, мына талаптарды орындау шарт деп ойлаймын.Біріншіден, Қазақстандағы агроөндірістің ықпалдасуын дамытуға құқықтық жағдай туғызуды қамтамасыз ететін, жақында ғана Парламент Мәжілісінде мақұлданған «Ауыл кооперациясы туралы» жаңа Заң аясында ауылдағы ұсақталып кеткен шаруа қожалықтар бірігіп, іріленген ұжым болуы керек. Қазір олардың қолында жерден басқа не қаражат, не техника жоқ. Кооперацияға бірігіп, іріленген шаруашылыққа инвестиция тартып, олардың техникамен жабдықталуына көмек көрсету керек. Оларға жеңілдетілген несиелер, субсидиялар есебінен жан-жақты қолдау көрсеткен дұрыс. Көрсетілген жеңілдіктер, бөлінген қаражат есебінен сапалы тұқым, минералды тыңайтқыштар тағы басқа қажеттіліктерін алатын болады. Екіншіден, қант қызылшасы орналастырылатын алқаптарда күз айларында сүдігер жыртылуы, күз, қыс мезгілдерінде бойына ылғал жинап, сақтауға мүмкіндік береді. Дақылдың жері ерте көктемде өңделіп, 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында тұқым себіледі, одан ары күзге дейін агротехникалық талаптарға сай күтіледі. Үшіншіден, Дақылды орналастыруда міндетті түрде ауыспалы егіс талабы қатаң сақталуы тиіс. Топырақ эрозияға ұшырамау үшін суды пайдаланудың қазіргі заманауи тәсілдері тамшылатып суаруды қолдану қажет. Мұндай тәсілдің артықшылығы алқапты арамшөп баспайды, су үнемді әрі сіңімді болады. Ғылым мен тәжірибе көрсеткендей, тамшылатып суару әдісімен әр гектарға 250-300 текше метр су жұмсалады. Арық арқылы суғарылса 800 текше метр су керек. Бір гектар жерді суғаруға ескі әдіспен бір күн уақыт кетсе, жаңа технологиямен бұл жұмысты жарты күнде еңсеруге болады әрі шөбін шауып, түбін қопсытып әуре болмайсың. Төртіншіден, барлық мәселені білгір кадрлар шешеді, бұл аксиома дәлелдеуді қажет етпейді. Жасыратыны жоқ, дақылды күтіп-баптау технологиясын жіті білетін тәжірибелі, кәсіби агроном кадрлар соңғы кезде азайып кетті. Кеңес Үкіметі кезінде даярланған агроном кадрлар негізінен зейнетке шығып кетсе, бірен-сараны өз шаруашылықтарымен айналысуда. Ауыл шаруашылығы саласындағы басты кейіпкер, шешуші күш – механизатор кадрлардың жайы да осындай. Қазіргі жастар трактор рөлінен гөрі жеңіл автокөлікке еліктеп кеткен. Тоқсаныншы жылдары бұл кадрларды дайындау жайлары да біраз тоқырап қалғаны жасырын емес. Осы өзекті мәселені көрегендікпен болжаған Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 30 қараша күнгі «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауында үкілі үмітіміз жастарға: «...Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дайындалыңдар. Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынның жанында тұрдым», – деп, өзінен үлгі алуға шақырды. 2017 жылдан бастап жаппай жұмысшы, техникалық мамандық алуды тегін жүргізу, Елбасының әкелік қамқорлығы деп түсінуіміз қажет. Жастар тарапынан бұл қолдау табатынына кәміл сенуге болады. Аталған кадрларды даярлау жұмыстарын нақты қолға алып, оларды өндіріске тартып, ынталандыру шараларын жүзеге асыру жолымен, біз азық-түлік қауіпсіздігін жасауға сүбелі үлес қоса аламыз. Бесіншіден, ағын су мәселесі күрделі екені баршаға мәлім. Қант қызылшасы – суды көп қажет ететін дақыл. Дақылдың вегетациялық өсу кезінде, әсіресе, жаз айларында ағын су тапшылығы қатты сезіледі. Оның үстіне Талас өзенінің су қоры 1616 миллион текше метр, оның 50 пайызы ғана біздің облысқа тиеді. Ал кейбір жылдары ауа райына байланысты су тапшы болатыны белгілі. Осыған орай, дақылды суаруға озық технология – тамшылатып суаруды енгізу керек. Бүгінгі таңда шаруашылықтардағы суармалы егіс алқаптарының ирригациялық жүйелері жабылып қалған. Оның салдарынан көптеген құнарлы суармалы алқаптар игерілмей бос жатыр. Бұл жүйелерді есепке алып, нақты егесіне бекітіп беріп, қаржы бөліп, ирригация жүйелерін қайта іске қосып, бос жатқан жерлерді айналымға қосатын уақыт жеткен сияқты. Қант қызылшасын өсіруде, озық технологияны өндіріске енгізуге ауданымыздағы М.Фазулов жетекшілік ететін «Талап» шаруа қожалығының тәжірибесі көпке үлгі. Алтыншыдан, қызылша дақылын өсіру, оның өнімін өндіруге тек шаруашылықтарды мүдделі етіп, солардың ғана жауапкершілігіне жүктеп қою дұрыс емес. Мен қызылша өсірген шаруашылықтарда бас маман, басшы қызметте болған адаммын. Ол кезде дақылды өсіруге шаруашылықтар мен қант зауыттары екі жақты мүдделі, ынталы болатын. Өнімді қабылдау, есеп айырысу, төлем жайлары тағы басқа алдын ала екі жақты жауапкершілікті келісімшарт жасалатын. Бұл құжат екі жақтың да мүддесіне сай келетін. Соңғы кездері бұл жайлар оңды реттелгенін айта кеткен жөн. Дегенмен, өндірілген өнім лайықты бағаланып, есеп айырысу жайлары шаруа қожалықтарының ынтасын тудыратындай деңгейге жеткізу керек деп ойлаймын. Сонда ғана азық-түлік қауіпсіздігін жасауға шаруалар өздерінің қомақты үлесін қосатын болады. Аға ұрпақтың салып берген игі дәстүрі лайықты жалғасын табады. Әділхан САДУАҚАСОВ,еңбек ардагері. Үлгілі ауылы,Байзақ ауданы.