Қоңыр қозы
Қоңыр қозы
Әли Нұрхатұлы, №11 мектеп оқушысы.
Секеңдеп жүріп еркелеп, Көк шөптің дәмін тататын. Шалдығып, шаршап, ентелеп, Жусанға барып жататын.
Мойылдай көзі, мөп-мөлдір, Қылығы мінсіз баладай. Адасып қалса көптен бір, Маңырап бір сәт қалады-ай.
Қошақанымды таппадым, Жанары мұңлы еді бір жазда. Жусан үстінде жатпадың, Сойылып кеттің-ау сырбазға.