Кедендік одақтың аясында көші қон туралы заң жетілдірілуде
Кедендік одақтың аясында көші қон туралы заң жетілдірілуде
Үш елдің сауда–экономикалық одағы өзінің өмірлік қабілеті мен дамуын іс жүзінде әлденеше рет дәлелдей алды. Бұл ретте Қазақстан интеграциялық кірігудің белсенді мүшесі ретінде өзінің таңдаған жолының дұрыстығын дәлелдейтін кезеңаралық нәтижелерін сезіне бастады. Елбасы, Н.Назарбаев айтқандай, «Қалыптасқан Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік өздеріне тиімді жақтарын көрсетіп, негізгі экспорттық тауарлардың әлемдік бағасының төмендеуіне қарамай, елдер арасындағы тауар айналымы өсуде. Қазақстанның ішкі тауар айналымындағы Кедендік одақтың үлесі жалпы көлемнің 18 пайызына жетті».
Бүгінгі күні Кедендік одақ қазақстандықтардың, ресейліктер мен белорустардың кедендік үштік елдерінде жұмыс істеушілер үшін еркін қозғалысына қол жеткізді. Үш елдің басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында негізгі мәселе – жұмысшы күшінің ауысуы мәселесі шешілді. Ол үшін негізі үш бағыттары табылды: еңбектің халықаралық-құқықтық негізін қалыптастыру, көші-қон саясатын үндестіру және әлеуметтік-гуманитарлық ауқымда ынтымақтастық құру үшін жағымды ахуал жасау.
Еңбек процесі 2010 жылдың 19 қарашасында Ресей, Белоруссия және Қазақстан үкіметтерінің арасындағы кедендік одақтың аясында бекітілген «жұмысшы-оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы» келісімімен белгіленген болатын. Қабылданған құжатта мұндай қызмет ұлттық еңбек нарығын қорғаудың шектеусіз түрімен жұмысшы-оралмандарды тартуға байланысты мемлекеттің жұмыс берушілерімен іске асады, жұмысшы- оралмандарға сол елдің аумағында жұмыс істеуге рұқсат алудың қажеті жоқ деп көрсетілген. Сонымен қатар, жұмысшы-оралман және оның отбасы мүшелері жұмыс істейтін мемлекеттің аумағына кірген күннен бастап, 30 тәулік ішінде мүдделі мемлекеттік органдарына тіркелуден босатылады. Жұмысшы-оралман мен оның отбасы мүшелерінің сол елге уақытша орналасу мерзімі оның жұмыс берушімен жасасқан еңбек келісім-шартымен анықталады.
Сондай-ақ, Белоруссия мен Қазақстанның азаматтары да Ресей жерінде «ұлттық еңбек нарығын қорғаудың шектеусіз түрімен еңбек ете отырып, жұмысқа берілген рұқсаттың тиесілі үлесін ала алады». Оларға сол елде жұмыс істеуге рұқсат алуының, патент алудың қажеті жоқ.
Келісімнің негізінде сол елдің аумағына келген 90 күн мерзімнен кейін еңбек келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтатуға және сол елдің тиісті заңнамаларына сәйкес 15 күнде басқа жұмыс берушімен жаңа келісімшарт жасасуға құқығы бар.
Кедендік үштіктің елдері бірыңғай нарықтық кеңістік құру процесінде бизнес-құрылымдарды қолдауға қызығушылық танытып қоймай, сауда-экономикалық одаққа кірген елдерде жұмыс істегісі келетін азаматтарға қамқорлық жасауы айғақталады. Бірақ, келісімнің тармақтарына жұмысшы-мигранттар мен шетелден жұмысшы мамандар шақыратын кәсіпорындардың ақпараттандырылу аздығы туралы өзгерістер енгізу керек. Отандық кедендік заңнаманың талаптары мен негізгі құжаттары бойынша тұрғылықты адамдар мен қызығушылық танытқан тұлғаларға, сондай-ақ, кәсіпорындарға шетелден жұмысшы мамандар тарту мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Жұмысшы күшінің еркін қозғалысы қазақстандық еңбек нарығына жоғары санатты мамандарды тартуды арттырып қана қоймайды, қазақстандық өнім шығарушылардың өнімдерінің сапасын арттырып, ішкі және сыртқы нарықты толықтырады.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей елдері көш бастап тұрғанын атап өту керек. Бүгінгі күні қазақстандық еңбек нарығына тартылатын жоғары білікті жұмысшы күшінің үлесі 70 пайызды құрайды, бұл экономикаға білікті кадрлардың тапшылығын айғақтайды. Бүкіл дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Казақстан 2013 жылы елде жұмысшы-оралмандарды тарту жағынан 9 –шы орында.
Қазақстандық кәсіпорындардың шетелдік мамандарды жұмысқа қабылдауы қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Заңнан тыс жұмысшы-мигранттарды жұмысқа тартатын кәсіпкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген талап бойынша тиісті органдардың рұқсатынсыз немесе 5-тен көп жұмысшы-мигранттарды тартқан жағдайда жазаға тартылатынын ескеруі тиіс. Егер бұл бірінші құқық бұзушылық болса, онда 30 МРП көлемінде айыппұл салынса, екінші жағдайда оның мөлшері 50 МРП-ға өсетін болады.
Шетелдік мамандарды тарту мәселесінде кәсіптік ресурстардың ұтқырлығы адами капиталды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Оны Қазақстанда, Ресейде, Белоруссияда да түсінеді. Бұл жағдайда жұмысшы-мигранттарға қолайлы жағдай жасалатынын атап өту керек, бұл жұмысшы-мигранттың еліне де, жұмыс беріп отырған ел үшін де тиімді. Сонымен қатар, Казақстанның, Ресей мен Белоруссияның ұлттық экономикасы қатерге ұрынбайды, өйткені кедендік одақ аясында еңбек көші-қонында ішкі өнімнің көлемі өзгермейді.
Қазақстанда таяу арадағы мерзімде білікті мамандардың жетіспеуі республикадағы жүзеге асып жатқан бағдарламалардың аясында шешілуі мүмкін, оның негізгі міндеті отандық кәсіпорындар үшін техникалық мамандықтар бойыша жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
Андрей Королев,
(«Литер», 22.05.2014 ж.)