6 айлық қыз бала су шаңғысынан әлемдік рекорд орнатты
6 айлық қыз бала су шаңғысынан әлемдік рекорд орнатты
Жас спортшы Флоридадағы көлде су шаңғысымен өзі жүзіп өтті. Алты айлық американдық қыз бала су шаңғысы спортымен айналысатын ең жас спортшы болды. Әлі жүре алмайтын Зала Санкт-Онж 6 ай, 27 күн жасында суда шаңғымен 209 метрге жуық жерден өтті. Осылайша, нәресте бұған дейін отандасы Паркс Бонифейдің 6 ай, 29 күн жасында қойған рекордын жаңартты.