Сауд Арабиясында ер адам зайыбын босандырған дәрігерді атып кетті
Сауд Арабиясында ер адам зайыбын босандырған дәрігерді атып кетті
Эр-Риядта зайыбын босандырған дәрігерге оқ атқан ер адам қамауға алынды, деп жазады Gulf News. Баланың әкесі бұл процедураны әйелдің өткізгенін талап еткен.
Басылым бала дүниеге келген соң доктор Мұханнаду әл-Забнға оның атқарған жұмысы үшін алғыс білдіргісі келетінін айтқан ер адам жолыққанын хабарлайды.
Олар аурухананың бағында әңгімелесіп отырады. Артынша жаңа туылған нәрестенің әкесі киімінің астына тыққан мылтығын суырып алып, дәрігерді атқан да қылмыс орнынан ізін суытқан.
Дәрігер ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оның денсаулығы қанағаттанарлық деп бағалануда. Шабуыл жасаған ер адам ұсталды.