Алматыда баспананың шаршы метрінің бағасы шамамен 100 мың теңгеге арзандады
Алматыда баспананың шаршы метрінің бағасы шамамен 100 мың теңгеге арзандады
Мамыр айының соңына қарай Алматының кейбір аудандарында баспананың шаршы метрі шамамен 100 мың теңгеге арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Крыша" сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, Алмалы ауданында баспананың шаршы метрі 16 пайызға арзандады, яғни мамыр айында бұл көрсеткіш 456 мың теңге болса, қаңтарда 384 мың теңгеге дейін түсті. Ал Медеу ауданында шаршы метрдің құны шамамен 100 мың теңгеге арзандаған. "Орташа алғанда, бес айда шаршы метрдің құны 100 мың теңгеге, яғни 15,4 пайызға арзандады. Қаңтарда бұл ауданда баспананың шаршы метрі 631 мың теңге болса, мамырда 533,5 мың теңге болды", - деді мамандар.
Сонымен қатар, Бостандық ауданында да баспананың шаршы метрінің бағасы 14 пайызға, яғни 67 мың теңгеге арзандаған. Қаңтарда индекс 476 мың теңге болса, мамырда 409 мың деңгеге дейін түскен. "Алатау, Түрксіб, Наурызбай және Жетісу аудандарында жағдай бірдей. Мамандардың айтуынша, бұл аудандарда баспананың шаршы метрінің құны 12-13 пайызға (шаршы метрі 30-40 мың теңгеге) төмендеді.
Ал Әуезов ауданы ең тұрақты болып танылды. Бұл жерде баспананың шаршы метрінің бағасы басқа аудандарға қарағанда айтарлықтай өзгере қойған жоқ. "Бұл ауданда баспананың шаршы метрі 28 мың теңгеге арзандап, 325 мың теңгені құрады", - деді мамандар.