Денсаулық

Қытай Суданда алғашқы атом реакторын салады

Қытай Суданда алғашқы атом реакторын салады

 Қытайдың мемлекеттік ядролық бірлестігі (China National Nuclear Corp, CNNC) Судан Республикасының Су ресурстары және электрлендіру министрлігімен қуаттылығы 600 мегаватт атом реакторының құрылысы туралы екі келісімге қол қойды.

China Daily басылымының жазуынша, тараптар келісімшарттың құны және реактордың типі, сондай-ақ оны тапсырыс берушіге тапсыру мерзімдері туралы ақпарат бермейді. Сарапшылар бұл Қытайда әзірленген үшінші буынның Hualong One реакторы болатынын шамалап отыр.

CNNC басшысы Сунь Циньнің бұған дейін мәлімдеуінше, қытайлық бірлестік 2030 жылға қарай әлемнің түрлі елдерінде ««Жібек жолының» Экономикалық белдеуі» стратегиясының аясында 30 атом энергиялық блогын салуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, CNNC Аргентина, Бразилия, Мысыр, Ұлыбритания, Франция және Иордания сияқты елдермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.