Apple басшысы АҚШ-тан басқа елдерде iPhone бағасын арзандатпақ
Apple басшысы АҚШ-тан басқа елдерде iPhone бағасын арзандатпақ
Үндістанның NDTV телеарнасына берген сұхбатында корпорация басшысы Тим Кук АҚШ-тан басқа елдерде iPhone бағасы қымбат екенін мойындаған. Ол мұны салық пен төлемдердің көптігінен деп түсіндірді.
Т.Кук алдағы уақытта Apple бағаны АҚШ-тағы секілді деңгейге түсіру үшін қолдан келген барлық шараны жасайтынын мәлімдеген. Алайда компания жетекшісі бұл үшін не жасалатынын және оның қашан іске асатынын айтпады, деп хабарлайды vc.ru. АҚШ-та iPhone бағасы 600 доллар шамасында, ал басқа елдерде смартфон одан да қымбат тұрады.