Сиыр бағатын бақташы робот жасалды
Сиыр бағатын бақташы робот жасалды
Сидней университетінің ғалымдары мал баға алатын роботты ойлап тапты, деп хабарлайды New Scientist порталы.
Бақташы робот - Shrimp жылуды сезетін және видео сенсормен жабдықталған. Солардың арқасында робот жануарлардың дене қызуын өлшеп, араларында ауру және жараланғандарын анықтай алады. Бұдан басқа, оның түс айыратын датчигі бар, сондай-ақ ол заттардың пішіні мен көлемін де өлшей алады.
Бұл робот бұған дейін шыққан RIPPA (Robot for Intelligent Perception and Precision Application) атты шаруашылық роботынан жетілдірілген. Ғалымдар роботтың бір уақытта 150-ге дейін сиыр немесе қойды баға алады деп отыр. Ол жануарлардың ағаштар арасынан, батпақ және ойлы-қырлы жерлерден өтуіне көмектесуі тиіс. Зерттеушілер егер бақташы робот барлық сынақтардан сәтті өткізілсе, ол шаруаларға мал бағуға көмектесуге таптырмайтын көмекші болады деп сенеді.