Әлеумет

Мәдениет – адамзат тың айнасы

Мәдениет – адамзат тың айнасы

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев мәдениет және өнер саласының бір топ өкілдерін қабылдап, құрмет көрсетті. 

Облыс басшысы оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыста осы салада атқарылып жатқан жетістіктерге шолу жасады. – Сіздерде байлық көп. Әрине, материалдық жағынан емес, рухани, мәдени, ізгі құндылықтарға көңілдеріңіз бай екенін айтып отырмын. Атырауда болғанымен жерлесіміз, ән әлемінің көрнекті өкілі, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов биыл 80 жасқа толып отыр. Облыстық қазақ драма театрының да 80 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Былтыр Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өткені өз алдына десек, сол тойдың қарсаңында облыстық қазақ драма театрының ғимараты сапалы жөндеуден өтті. «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығының қалай ажарланғанын баршаңыз көріп жүрсіз. Мұның бәрі мәдениет саласындағы толымды істер. Алдағы уақытта жыр алыбы Жамбылға мұражай ашу, өңірде ізі қалған Скрябин ескерткішін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Соңғы жылдары 1,5 миллиард теңгеге облыс көлемінде 103 мәдени нысан салдық, кейбірін күрделі жөндеуден өткіздік. Мұның бәрі осы саланың ауыр жүгін көтеріп жүрген сіздердің толағай жетістіктеріңіз, – деді Кәрім Нәсбекұлы. Облыс әкімі бірқатар сала қызметкерлерін Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Есет Досалы, «Ақ жол».