Қайткенде тың алқаптарды игеру керек
Қайткенде тың алқаптарды игеру керек
Біздің жер әлеуетіміз тек Қазақстанды ғана емес, көптеген елдердi асырауға жетедi. Мұны былай түсіндірер едім. Елімізде игерiлмей жатқан өте құнарлы жерлер бар. Бұл өңірлерде мемлекеттiк қолдау арқылы еркiн экономикалық аймақ құру керек. Инфрақұрылым жасау қажет, үйлер салу керек. Бұл туралы Парламентте арнайы заң қабылдаған жөн. Сондай-ақ, халықты, әсiресе, жастарды жобаға жұмылдырған жөн. Оларға көтерiңкi жалақы берiп, барған жерде жағдай жасалса, жастар елiмiздi көтеруге атсалысып, патриоттық борышын жете түсiнедi. Сонымен бірге, бұл жобаны Елбасының «Нұрлы Жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының аясында iске асырса болады. Бұл жобаның геосаяси мәнi бар. Ол еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де септігін тигізеді. Сондай-ақ, еліміздің демографиялық мәселесі де шешiледi. Осы жобаны іске асыру мақсатында арнайы қор құрылып, оған қалталы азаматтарды, ірі шаруашылық иелерін тартқан жөн. Осы арада тағы бір ұсынысымды айта кетейін. Бізге ауыл шаруашылығын үдемелi дамытудың 2030 жылға дейiнгі мемлекеттік бағдарламасы керек.
Оразалы СӘБДЕН, Қазақстан Ғалымдары одағының төрағасы, Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі: