Денсаулық

Мектеп оқушысы адасып кеткен күшікті иесіне қайтарып, 10 мың доллар сыйақы алды

Мектеп оқушысы адасып кеткен күшікті иесіне қайтарып, 10 мың доллар сыйақы алды

Вашингтонда жоғары сынып оқушысы адасып кеткен күшікті иесіне қайтарып, 10 мың доллар сыйақы алды. Оның иесі АҚШ-тың Конгресс өкілдері палатасының бұрынғы спикері Джон Бейнердің баспасөз хатшысы болып шықты, деп хабарлайды Би-би-си.

18 жастағы Рашида Смит күшікті метро стансасының маңынан тауып алып, үйіне алып келген.

Кейін мәлім болғандай, 4 айлық Магги атты күшіктің иесі Макл Стил мен оның жұбайы оны тауып берген адамға 10 мың доллар сыйақы беретінін жариялаған екен.