Денсаулық

Жамбыл облысында тілдерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 134 млн. теңге бөлінді

Жамбыл облысында тілдерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 134 млн. теңге бөлінді

13 697 жамбылдық мемлекеттік тілді оқыту курстарын аяқтады. Бүл туралы 16 мамыр күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева айтты.

«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тілдердің қызметі мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты Қазақстанда тұратын барлық ұлыстардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің толыққанды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты, - деді Ғ.Боранбаева. - Бағдарлама мемлекеттік тілді халықтың барынша көп бөлігі меңгеруіне жәрдемдеседі, сондай-ақ оны қолдану салаларын кеңейтеді, тіл мәдениеті деңгейін арттырады».

Спикердің айтуынша, 2015 жылы Мемлекеттік тілді оқыту орталығы ҮЕҰ-мен, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясымен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен, «Нұр Отан» партиясының филиалымен  бірлесе отырып, 84 шара өткізді. Бағдарламаны және іс-шаралар жоспарын қаржыландыруға 2015 жылы облыстық бюджеттен басқармаға 107 млн. теңге, 2016 жылы - 134 млн. теңге бөлінді, қаржыландыру 20,7 пайызға ұлғайды.

2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының облыстық мақсатты индикаторлары бекітілді, оған сәйкес біздің өңірде мемлекеттік тілді меңгерген халық санының үлесі 100 пайызды, ағылшын тілін меңгергендер  - 18,5 пайызды, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын)   білетіндер  - 14,5 пайызды құрауы тиіс.  Нәтижелерге қол жеткізуге барлық мүмкіндіктер бар.  Бүгінгі күні облыста мемлекеттік тілді еркін меңгергендер халықтың 95,09 пайызын құрады. Біздің облысымызда 80-нен астам ұлыс өкілдері тұрады, бұл облыс халқының жалпы санының  28 пайызы, ұлыстар өкілдерінің 54 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген», - деп мәлім етті спикер. Жамбыл облысында үштілділік міндеттерін жүзеге асыру үшін Мемлекеттік тілді оқыту орталығы Тілдерді оқыту орталығы болып қайта құрылды. Барлық салалардың қызметкерлері үшін орыс және ағылшын тілдерін оқытатын тегін курстарды кеңейту жоспарлануда. 2016 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстары тыңдаушыларының саны 1 145 адамға жетті, оның 550-і мемлекеттік қызметкерлер. 160 топтарда әртүрлі ұлыстардың 940 өкілі оқытылуда.

«Мемлекеттік тілді оқыту курсы орталығы құрылған кезден бері оны 13 697 адам бітіріп шықты», - деп атап өтті спикер.

Бүгінде облыстың 449 жалпы білім беретін мектептерінде әртүрлі ұлттардың 3 365 баласы қазақ сыныптарында оқып жүр. Мектептердің жалпы санының ішінде 311 мектеп қазақ тілінде, 15-і - орыс тілінде, 122-сінде - екі тілде оқытады, мектептерде өзбек тілін оқытатын сыныптар бар», - деп түйіндеді спикер.

Жамбыл облысының халқы 1,11 млн. адамды құрайды.