Жамбылда не жаңалық?

Байзақ

Байзақ

Мемориалдық ескерткіш орнатылды

Мырзатай ауылдық округіне қарасты Дихан ауылында Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш орнатылды. Биіктігі 11 метр келетін ескерткішке ауылдан майданға аттанып оралмаған боздақтар мен соғыстан соң тер төккен аға буын ардагерлерінің, тыл ардагерлерінің есімдері қашалып жазылған. Ескерткішке Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, тараздық кәсіпкер Тәуірбек Қарауылов және бір топ ауыл тұрғындары демеушілік еткен.