Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік – ең қастерлі ұғым. 25 жылдың бедерінде еліміз көптеген сын-қатерлерге төтеп беріп, биік асуларды бағындырды. Шекарамыз шегенделді, айбынды әскеріміз бар. Біздің бостандығымыз бен құқықтарымыздың аяқ асты болмайтынына кепілдік беретін асқақ Ата Заңымыз бар. Соның арқасында қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елдің жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді. Бүгінгі Қазақстан – барлық жағынан әлемге танылған, бүкіл Еуропа төрін ұсынған, даңқы асып, айбыны асқақтаған мемлекет! Бұл, біріншіден, әлемдік деңгейдегі саясаткер – Мемлекет басшысының сара саясатының жемісі, екіншіден, еліміздегі 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ауызбірлік пен ынтымақта өмір сүріп, бірлесе еңбек етуінің арқасында қол жеткізген табыс. Елбасы Жолдауларында айқындалатынын айтуымыз керек. Мемлекетіміздің басты құжаты Қазақстанның әлемдегі дамыған озық 30 елдің қатарына енуіне жол ашады. Қазақстандықтардың жаңа экономикалық бағдарламаны барынша қолдап, Ұлт Көшбасшысы маңына топтастыра түседі. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары – еліміздің рухын асқақтатып, күш-қуатын біріктіретін құжат. Әр жылғы Жолдаудың өз жаңалықтары бар. Дегенмен, жаңа экономикалық саясатқа негізделген «Нұрлы жол» бағдарламасының тарихи маңызы зор. Өйткені, Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға беріп, алыс және жақын болашағымыздың бағдарын айқындаған. Мемлекет басшысы ғаламдық сынақтан өтуіміз үшін Қазақстан халқы бірлігі мен этносаралық келісімді көзіміздің қарашығындай сақтау қажет деп атап өтті. Бүгінгі күні еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, әлем танитын мемлекетке айналды. Мұның барлығы елдегі тұрақтылық, халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болып отыр. Сондықтан да ең алдымен, татулығымызды сақтап, береке-бірлігімізді жоғалтпауымыз қажет. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын басты бағыт-бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын «Нұрлы жолға» айналдыруымыз керек. Елбасының халықтың алаңдаушылығын туғызған Жер кодексіне енгізілген кейбір өзгерістерге жыл аяғына дейін мораторий жариялауын – көпшіліктің пікірімен санасуы деп білуіміз керек. Ішкі тұрақтылықты сақтау үшін кесімді сөз айтқан Мемлекет басшысының шешімі түйткілдің түйінін тарқатқандай болды. Қандай даулы мәселе туа қалса да, таразының екі басы болатынын ұмытпағанымыз жөн. Дақпыртқа сеніп, мән-жайды сараламау адамды адастырады. Біздің ең басты құндылығымыз тәуелсіздік екенін есте ұстайық.
Әсел САТАЕВА, Жамбыл политехникалық колледжінің оқытушысы.