Болашақ сарбаздар борыштарын өтеуге дайын
Болашақ сарбаздар борыштарын өтеуге дайын
Жеңіс саябағында «Әскерге бару – азаматтық парызым!» атты облыстық патриоттық акция шеңберінде әскер қатарына шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті. Бұл іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, генерал-майор Марат Хусаинов және әскерге шақырылушылардың ата-аналары қатысты. Ұлы Отан соғысының ардагері Анастасия Переделиева бейбіт күннің сарбаздарына аналық ақ батасын беріп, Отан алдындағы борыштарына адал болуға шақырды. – Бүгін балаларымызды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салып тұрмыз. Ұлым әскери қызметкер болуды бала кезінен армандады. Сол арманына жету үшін 9-сыныпты бітірген соң, Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы әскери мектепті де тәмамдады. Енді міне бүгін сол алған білімімен Ақтау қаласындағы ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы сапында азаматтық борышын өтеуге аттанып бара жатыр, – дейді көңілі толқыған жас сарбаздың әкесі Мұрат Аққұлиев. Шара соңы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының вокалды топ әншілерінің концертіне ұласты.
Бауыржан Қырғызбаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары.
Тараз.