Жаңалықтар

Жетісіппіз

Жетісіппіз

(әзіл әңгімелер)

 Бәрі кабинетте болды. Ағайдың алдында отырмын, көзімді мөлитіп алдым. Алдында ғана дәлізде көргенде шошаңдап-ақ жүргенмін. Бірақ алдында тым артық олай етпей-ақ қояйын дедім.

– Ал айт, – деді ағай. – Айтқанда, сәл аздау болып тұр. Емтиханға кірмей қалатын сияқтымын, – дедім өтірік басымды салбыратып. Сәл даусын төмендетіп: – Әй, маған да сол аздау болып тұр. Сен қос, мен де қосайын. – Құрметті Ырбиған Тырбиғанұлы, анау әшкиіңіздің артында көз тұр, көздің төменгі жағынан бір сөздер шығып жатыр. Жоғары жақтағы миыңыздың содан хабары бар ма? Ұялсаңызшы, жетер осы. Тағы елу студент бар ғой, – дедім. Ырбиған Тырбиғанұлының одырайған көздері шодырайып кетті де: – Әй, сен де қызықсың, бәрінің есеп-қисабы бар ғой. Ол елу студенттікі «уже» есептеулі. Өзің біл! – деп салды. – Өзім білсем, өзім білейін. – Тоқта! Сен де мені түсінші! – деді. Көздерінде әйелінің ақша сұрап тұрған суреті тұр. Қарасам, енді бұл кісінің көздері мөлдіреп кетіпті. Ал менің жаным елжіреп кетті. Құрысын, шошып кеттім. Сосын аяп кеттім. – Мейлі! – деп ақшамды қостым-дағы, есікке қарай таяп кеттім. – Әп, бәрекелді! Бүгін үйде бір «сюрприз» бар деп еді. Сюрпризге сюрприздей ақша керек, – деп Ырбиған Тырбиғанұлы қуанып қалды.

Асылзат Жұмабай.