Денсаулық

Әлемдегі ең үлкен круиздік лайнер алғаш рет жүзіп шықты

Әлемдегі ең үлкен круиздік лайнер алғаш рет жүзіп шықты

Әлемдегі ең үлкен круиздік Harmony of the Seas жолаушылар лайнері француздың Сен-Назер қаласының портынан алғаш рет жүзіп шықты. Бұл туралы Agence France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлайды.

Кеме алдымен Ұлыбританияның оңтүстік жағалауындағы Саутгемптон портына соғып, бортына алғашқы жолаушыларды алады. Бұдан кейін Harmony of the Seas оңтүстікке қарай жол тартып, Пиреней түбегін айналып өтіп, Жерорта теңізі бойынша круизге аттанады. Содан кейін соңғы аялдама Барселонаға (Испания) жүзіп келеді.

Агенттіктің хабарлауынша, кеменің ұзындығы 362 метр, ені - 66 метр, биіктігі - 72 метр. Лайнердің бортына 6360 жолаушы және екі мыңнан аса экипаж мүшелері сияды. Harmony of the Seas өзінің иесі Royal Caribbean International (RCI) компаниясына 12 мамырда берілді.

2016 жылғы ақпанда желіде круиздік лайнердің фотосуреті пайда болды. Harmony of the Seas двигателінің конструкциясы жақсартылып, жарықдиодты жарықтандыру пайдаланудың арқасында басқа ірі кемелерден 20 пайызға тиімді болады, деп хабарланған болатын.