«Мұсылмандардың бүкіләлемдік қаласы» пайда болады
«Мұсылмандардың бүкіләлемдік қаласы» пайда болады
Қытай елінде әлем мұсылмандары ат басын тірейтін жаңа туристік шаһар салу жоспарланып отыр, деп хабарлады muslim.kz.
Бейжіңнен 960 шақырым қашықтықта орналасқан Иньчуань қаласын осы мақсат негізінде мұсылмандарға арнап қайта жабдықтайтын болады.
Қала көшелеріндегі белгілердің ағылшын және араб тілінде аудармасы ілінетін болмақ. Ал, шаһар орталығында «Мұсылмандардың бүкіләлемдік қаласы» атты аумақ орналасады. Ол жерде Ислам дінінің асыл жәдігерлері мен мұсылмандар мәдениетінің озық үлгілері салынады.
Жоба 2020 жылы аяқталуы тиіс. Қала әуежайынан жақын арада Сауд Арабиясы, БАӘ, Иордания және Малайзия елдеріне тікелей әуе желісі ашылады.