Денсаулық

Зерттеу: ақша адамды бақытсыз етеді

Зерттеу: ақша адамды бақытсыз етеді

Ғалымдар ақша адамды бақытсыз етеді деген тұжырымға келді, Эмори Университеті мен Минессота (АҚШ) Университетінің мамандары ірі капиталға ие адамдар мейірімсіз, көбінесе жалғыз болатынын дәлелдеді.

Зерттеушілер түрлі кемшілігі бар, түрлі әлеуметтік жағдайдағы адамдардың деректерін талдады.

Нәтижесінде ақшасы көп адамдар туыстарымен, достарымен араласпай, өз-өздерімен тұйықталып қалатыны байқалған. Бұл олардың жалғызсырауына алып келеді.

Зерттеуге сәйкес, табысы төмен (жылына бес мың доллар)   адамдар жоғары табысты (жылына 131 мың доллар) адамдарға қарағанда, адамдармен араласуда жылына кешті 6,4 рет көп өткізеді екен.

Бұдан басқа, бай адамдар басқа адамдардың проблемасы мен қайғысына алаңдамайтын болады.

Ауқатты адамдар уақытының басым бөлігін жұмысқа бөледі, адаммен араласу оларға маңызды бола қоймайды, деп жазады шетелдік БАҚ.