Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілімен кездесті
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілімен кездесті
Тараптар сондай-ақ, Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен серіктестікті нығайту туралы өткізілген жұмыстар жайында сөз қозғады. «Қазақстанның мұндай маңызды ұйыммен ынтымақтастығы мемлекеттік басқарудың ең жақсы тәжірибесіне қол жеткізуге және озық стандарттарды ендіруге мүмкіндік береді. Еліміздің инвестициялық тартымдылығын өсіріп, шетелден қаржы ресурстарын тарту құнын төмендетеді» - деді Бақыт Сұлтанов сөз арасында. Фредерик Женни өз тарапынан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстанмен әріптестіктің тереңдеуіне қызығушылық танытатынын атап өтті.
Ақпарат көзі: www.baq.kz